Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «жаңа» суреті Қазан қаласындағы музейде сақтаулы тұрған. Оны ғалым Қайырбек Кемеңгеров Татарстанға сапары барысында тауып, қазақ еліне сүйіншіледі. Профессордың осы жаңалық туралы Egemen Qazaqstan сайтына жарияланған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Бас мүфти ұлттық құндылықтар, тіл, әйелді кемсітетін уағызшыларға ескерту жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әйелдер, қазақ тілі мен дәстүр туралы даулы пікір білдірген имамдарға қандай шаралар қолданылғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.
Міржақып мерейтойына арналған әдеби байқаудың жеңімпаздары анықталды
Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай өткізілген облыстық әдеби байқаудың қорытындысы шығарылды.
Кесенесі жаңарып, музей үйіне реэкспозиция жасалды
Торғай төрінде ұлт ардақтысы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр. Бидайық ауылындағы музей үйі толықтай реэкспозицияланып, кесенесі қайта жаңғыртылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жанкелдин ауданына іссапарында рухани ошақтарды аралап көрді.
Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы әрі реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Басты жүлде – 1 млн теңге. Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Бүгін Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» атты ауқымды мәдени-ағартушылық жоба таныстырылды. Жобаның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту.
«Кенжебек Үкин: лайықты тұлға» кітабы жарық көрді
Ы.Алиынсариннің облыстық мемориалды музейінде Мемлекет және қоғам қайраткері, артына өшпес із қалдырған ірі тұлға Кенжебек Үкіұлы туралы кітаптың тұсаукесері өтті.
Дін өкілдері үстел теннисінен тартысқа түсті
Бүгін облыстық Дін істері жөніндегі басқармас және «Социум & Я» ҚБ қолдауымен өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Облыс басшысы өңір тұрғындарын «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуға шақырды
Бұл – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейтін бастама. Пилоттық жоба өткізілетін елдегі үш өңірдің қатарында Қостанай облысы бар.
Аманкелді ауданында ашылған «Ұлттың Жады қабырғасы» рекордтар кітабына енді
Аманкелді ауданының «Тәж Торғай» туристік кешеніндегі «Ұлттың Жады қабырғасы» нысанын “Global Book of Records” (GBR) халықаралық реестріне енгізу және Әлемдік рекордты тіркеу рәсімі өтті.
