Кесенесі жаңарып, музей үйіне реэкспозиция жасалды

Кесенесі жаңарып, музей үйіне реэкспозиция жасалды

Торғай төрінде ұлт ардақтысы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр. Бидайық ауылындағы музей үйі толықтай реэкспозицияланып, кесенесі қайта жаңғыртылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жанкелдин ауданына іссапарында рухани ошақтарды аралап көрді.

Кесене басына ат шалдырған қонақтар алдымен Алаш қайреткерінің рухына құран бағыштады.

Күзде мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерейлі датаға орай туған жерінде жұмыстар ерте қолға алынған.

Жаңғыртудан кейін кесене еңселі кейіпке еніп, музейдің іші заманауи мазмұнмен толыққан. Бұл жұмысқа Торғай музейлер кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекей жетекшілік етіп, көптеген жаңа экспозициялар жасалды.

blank

«Бұл кісі барша қазақтың атасы. Оның тарихы мен еңбегі арқылы ұрпақ тәрбиеленеді. Негізінен музейдегі реэкспозиция «Міржақыптың оралуы» тақырыбында», – дейді ол.

Өңір басшысы жаңарған нысандарға көңілі толатынын айтып, осы істің басы-қасында жүрген жандарға ризашылығын білдірді.

blank blank

Гүлбану Сәрсекейдің сөзіне қарағанда, мерейтой аясында Міржақыптың қызы Гүлнәр апаның да 110 жылдығы атап өтіледі. Ол әкесінің есімін сақтап, елге қайта әкелуде өлшеусіз еңбек сіңіргенін ерекше атады.

blank blank

Облыс әкімі Қызбел ауылындағы Міржақып Дулатұлы атындағы мектепте де бас сұқты. Білім ошағы биыл ағымдағы жөндеуден өткізілген.