Құмар Ақсақалов «Орталық-Батыс» жолы туралы: «Президент тапсырмасын ешкім өзгерте алмайды»

Құмар Ақсақалов «Орталық-Батыс» жолы туралы: «Президент тапсырмасын ешкім өзгерте алмайды»

Торғай халқының алаңы – жол мәселесі. Соңғы уақытта «Орталық-Батыс» күре жолы салынбай қала ма деп жергілікті жұрт қатты толқыды. Өңір басшысы Жанкелдин ауданына сапары барысында халықпен кездесіп, осы түйткілдің нүктесін қойды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан орталығында жергілікті тұрғындардың қатысуымен жиын өткізіп, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Ең негізгі сауал жол мәселесімен байланысты еді. Мемлекет басшысының «Орталық-Батыс» тас жолын Арқалық пен Торғай арқылы салынатыны туралы жаңалық торғайлықтарды ерекше қуантқан. Бірақ кейінгі уақытта баламалы жол Ұлытау жақпен өтетіні жөнінде жанама сыбыс шығып, елді дүрбелеңге салды. Осы жиында өңір басшысы Президент тапсырмасы аяқсыз қалмайтынын айтып, көпшіліктің көңілін жайландырды.blank

«Әртүрлі әңгімені естіп отырмын. Бұл жол тек осы бағытпен салынатынын ресми түрде айтқым келеді. Мәселе көтеріп, алаңдаушылыққа салынуға негіз жоқ. Өйткені Президенттің тапсырмасын ешкім өзгерте алмайды. Ол жағынан еш уайым болмасын. Үш апта бұрын мен Президент қабылдауында болып, атқарылған жұмыстар туралы есеп бердім. Сонда осы қабылданған шешім туралы алғысымды айттым. Мемлекет басшысы: «Мен бұл тапсырманы торғайлықтар үшін беріп отырмын. Жол міндетті салынуы керек. Сондықтан сен оны жіті қадағалап отыр», – деп, сіздерге де сәлем айтты», – деді Құмар Ақсақалов.

blankblankМемлект басшысы күні кешегі Жолдауында да үкіметке Торғайды дамытуға айырықша назар бөлу туралы тапсырма бергені де баршаға аян. Ал өңір тынысы, дамып-жетілуі сапалы жолға тікелей байланысты. Облыста жол құрылысы саласына сала құлаш қаражат құйылып жатқаны да белгілі. Оның елеулі үлесі Торғай өңіріне бағытталғанын айта кеткен жөн.blank

«Биыл бұл мақсатқа 102 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырғыдан 40% көп. Нәтижесінде 1300 автожол, 103 елді мекенде 400 көше жөнделеді.  Айталық, Арқалықта 40, Жанкелдин ауданында 24 көше, Аманкелдіде 5 көше қалыпқа келтіріледі. Осы бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғаса да бермек», – деп толықтырды облыс әкімі.

blankМіржақып Дулатұлының мерейтойы қарсаңында Қызбел, Бидайық ауылдарының көтерме жолдары тегістеліп, қиыршық тас төселді. Осының арқасында тұрғындар 150 шақырымда жатқан аудан орталығына бару үшін бұрын 4-5 сағат шығындаған болса, қазір уақыт 2 сағатқа дейін қысқарғанын айтып отыр. Сондай-ақ Қызбелде ауылішілік бес көше, Бидайықта бір көше алғаш рет асфальтталғанын да айта кеткен жөн.blankblankblankblank

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ