Өңір басшысы Аманкелді ауданында жұртпен жүздесіп, облыстың дамуы туралы баяндады

Өңір басшысы Аманкелді ауданында жұртпен жүздесіп, облыстың дамуы туралы баяндады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аманкелді ауданының орталығындағы Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, халық алдында есебін берді.


Облыс басшысы әдеттегідей ең алдымен аудан әкімінің есебін тыңдады. Аманкелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаевтың айтуынша, өңірде ата кәсіп мал өсірумен қатар, егіншілік, сауда-саттық кәсіптері де кең қанат жайып келеді. Ауданда 300 орындық асхана және бірнеше жаңа үйлердің құрылысы қолға алынған.

blank

Құмар Ақсақалов халық алдындағы есебінде Қостанай облысы Президент міндеттеген межені асыра орындағанын жеткізді. Экономиканың өсімі көңіл қуантарлық. Жаңа зауыттар,өнеркәсіп орындары көптеп ашылып, есесіне халық та көптеп жұмыспен қамтылған. Колледж бітірген жас мамандар жаңа жұмыс орындарында сұранысқа ие болып, тыңғылықты жұмыс істеуде. Демек, жастардың елде тұрақтануы, демографиялық өсім бәрі оң бағытқа ойысқан.

blank

Облыс әкімі көпті күпті қылған күре жол мәселесіне еш алаңдаушылықтың жоқ екенін аманкелдліктерге де өз аузымен жеткізді. Ол халыққа «Орталық-Батыс» жолының салынатынын, Президент осы жолдың салынуын қадағалауды өзіне тапсырғанын алға тартты.

blank

Жиын барысында сұрақтан гөрі тілек басымдау болды. Себебі, көпті алаңдатқан мәселенің бұлты сейілді. Қойылған сұрақтарға облыс, аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары тікелей жауаптарын беріп қанағаттандырды.

blank

Ел ақсақалдары Балға Нұрғожин, Монтай Өтепбаев және өзге де зиялы қауым өкілдері Торғай өңіріне үнемі қолдау білдіріп, қамқорлық жасап отырған Мемлекет басшысына шынайы алғыс білдірді.

blank

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев