«Тобыл» футбол клубы мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің бірлескен жобасы – Ораза айының алғашқы күнінде басталған «Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясы аяқталды. Ұйымдастырушылар тізімдегі ең соңғы отбасыға азық-түлік қоржынын апарып, айт мейрамымен құттықтап шықты.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарын Ораза айт мейрамымен құттықтады
Құрметті қостанайлықтар! Барша мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мейрам – исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. «Он екі айдың сұлтаны болған» Рамазан айы әр адамның санасы мен жүрегін жаман ой, жат пиғылдан арылтса, Ораза айт иманды […]
Әлихан Бөкейхан масон болған ба?
Алаш арыстары туралы айтылғанда «Әлихан Бөкейхан масон болған ба?» деген сұрақ көптің көңілін мазалайды. Осыған орай белгілі алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы бейнетүсірілім жариялаған еді.
Мемлекет басшысы ауызашар берді
Барлық өңірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар дастарқаны жайылды.
Қайырымдылық акциясы: мұқтаж жандар дән риза
Облыстық «Қостанай таңы» газеті мен «Тобыл» футбол клубының қайырымдылық жобасы жалғасуда. «Мейірім шуағы» акциясы басталғалы редакция және клуб қызметкерлері 69 жанұяға азық-түлік жеткізіп, қаржылай көмек көрсетті.
Қайырымға толы қасиетті ай
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті жыл он екі ай қайырымдылық жасау үрдісін тоқтатқан емес. Әсіресе, жылына бір келетін ұлық Рамазан нағыз жақсылықпен жарысатын ерекше ай. Алла үйінің намазхандары мен жанашыр жомарт жандар ораза басталғалы көп балалы, мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға көмегін аямай жасап жатыр.
«Марал ишан» мешітінің 130 жылдығына орай мүшәйра жарияланды
Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды. Назарларыңызға жыр додасының ережесін ұсынамыз.
Елордада «Халық батыры» атты көрме ашылды
Бүгін Астана қаласында Мәдениет және спорт Министрлігінің ұйымдастырумен Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай «Халық батыры» атты көрме өтіп жатыр.
Қаламгерге құрмет көрсетілді
Бүгін белгілі ақын, жазушы, сатирик, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Маудановтың туған күні. Қырықтың қырқасына шыққан қуаныш иесіне қаламдас, қанаттас, әріптес аға-бауырлары сый-құрмет көрсетті.
Қайраткерге құрмет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбек адамының беделі артанынын мәлімдей келе: «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Олар еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек. Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарды деп айта аламыз» деді.
