Қайырымға толы қасиетті ай

Қайырымға толы қасиетті ай

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті жыл он екі ай қайырымдылық жасау үрдісін тоқтатқан емес. Әсіресе, жылына бір келетін ұлық Рамазан нағыз жақсылықпен жарысатын ерекше ай. Алла үйінің намазхандары мен жанашыр жомарт жандар ораза басталғалы көп балалы, мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға көмегін аямай жасап жатыр.

Үлкен жанұялардың сәбилеріне киім-кешек, аяқ киімдер тарту етіліп жатыр. Мешіттің ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге арнайы дайындалған «Рамазан тәттісін» таратылуда. Дүниедегі сәбидің күлкісі адам баласын айрықша қуанышқа бөлейді дейді дін өкілдері.

«Көп балалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылардың қуаныштарына ортақ болатын «Рамазан қоржыны» – жылдар бойы үзілмей келе жатқан дәстүрлі шара. Биылғы ораза басталғалы алтыншы рет өткізілген акция кезінде 280 отбасыға 5 086 801 теңгенің азық-түлік көмегі көрсетіліп отыр. Қайырымдылық шаралары ораза аяқталғанға дейін жалғаса береді әрі жылдың қалған айларында да тоқтамайды», – деді Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов.

Айта кетейік, сауабы мол ізгілікті істер мешіттен бөлек, ірі сауда орындарында ұйымдастырылып жатыр.

Қ.ҚИЫСХАН

Жаңалықтармен бөлісу