Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарын Ораза айт мейрамымен құттықтады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарын Ораза айт мейрамымен құттықтады

Құрметті қостанайлықтар! Барша мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мейрам – исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі.

«Он екі айдың сұлтаны болған» Рамазан айы әр адамның санасы мен жүрегін жаман ой, жат пиғылдан арылтса, Ораза айт иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге, қонақжайлылық пен жомарттық көрсетуге жігерлендіреді.

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі ислам ілімі маңызды рөл атқарады. Еліміздегі достықты, өзара құрмет пен түсінушілікті нығайтуға, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше.

Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Сіздерге рухани күш-жігер, жарқын көңіл, табыс, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін !

Ораза айт қабыл болсын !

Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу