Бизнесті дамытуға бағытталған жаңа шаралар қолға алынып жатыр – Николай Шерер

Бизнесті дамытуға бағытталған жаңа шаралар қолға алынып жатыр – Николай Шерер

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген жиында жаңа геоэкономикалық ахуал жағдайында бизнесті дамыту векторларын айқындады. Президент өңірлік ауқымдағы табысты және ісін адал жүргізетін кәсіпкерлер жаңа, әділ экономиканы дамытудың локомотивіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Қостанай облысында бұған жарқын мысал етіп айтуға тұрарлық кәсіпкерлер жеткілікті. Солардың бірі – диқан Николай Шерер.

«Мемлекетте жаңа экономикалық күн тәртібі белсенді қалыптасуда. Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілі ретінде бүгінде өңірлерде де, елде де осы міндеттерді шешу үшін пәрменді механизмдер жасалып жатыр. Біз жүріп жатқан процестерге жаңашылдықты көріп отырмыз және бұл реформалар бизнес-қоғамдастықтың мүддесіне сәйкес жүргізіліп жатқанына сенімділік береді», – деп атап өтті «Фрунзенское» ЖШС басшысы Николай Шерер.

Диқанның пікіріне Қостанай облысының басқа да кәсіпкерлері қосылады. Николай Николаевич 40 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік сала дамып келе жатқан табысты және бірегей шаруашылықты құра алды. Бұл жерде жастарға тәжірибе беру және ұрпақтар сабақтастығы рухында жаңа буынды тәрбиелеу негізге алынған. Шаруашылықта 20 000 гектардан астам егіс алқабы, 3 мыңға жуық ірі қара мал бар. Онда 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Николай Шерердің белсенді көмегімен Красноармейск ауылдық округіне газ тартылды. ЖШС мектептерге көмектеседі, мәдениет үй, стадионды қамқорлығына алған.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институтын, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар тартуда толық көлемде пайдалану керегін атап өтті. Бұл ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді», – деп жалғастырады Николай Шерер.

Өңірлік кеңесі өкілінің айтуынша бүгінде АӨК комитенінің белсенді жұмысы арқылы әкімшілік кедергілер жойылып, саланы субсидиялаудың өзекті мәселелері шешіліп жатыр. Бұл өңір фермерлерін өндіріс тиімділігін арттыруға және жаңа заманауи технологияларды қолдануға ынталандырады. Осының бәрі өңірде де, жалпы елде де агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көмектеседі.

Жаңалықтармен бөлісу