Әлихан Бөкейхан масон болған ба?

Әлихан Бөкейхан масон болған ба?

Алаш арыстары туралы айтылғанда “Әлихан Бөкейхан масон болған ба?” деген сұрақ көптің көңілін мазалайды. Осыған орай белгілі алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы бейнетүсірілім жариялаған еді.

— Біздің қоғамда “Әлихан Бөкейхан масон болған, діннен шыққан, қазаққа жаны ашымаған” деген алып-қашпа әңгімелер тарап жүр. Иә, Әлихан Бөкейхан масондық ұйымға мүше болды. Ол Самара қаласына айдалған. Самарада тұрғанында жер банкінде экономист болып қызмет атқарған. Сол жерде жүріп князьдік кукушиндермен, дворяндармен, патшалық биліктің мықты ақсүйектерімен танысқан. Сүйтіп аталған жердегі “Полярная звезда” деген масондық ложаға мүше болды. Бірақ ол діннен шыққан жоқ. Ұлтын сатқан жоқ. Не үшін масондық ложаға кірді? Еврейлердің қолында ақша, қару-жарақ, күш-қуат бар еді. Соны қазақтарға алып келіп, қазақтың рухын көтеруді ойлады. Кейін оны әріптестері сынады. “Сен масондық ложаға кірдің, ұлтыңды, дініңді саттың” деп айыптады. Сонда Әлихан Бөкейхан: “Мен қазақ мүддесі үшін шайтанмен де жұмыс істеуге барамын”, – деп жауап берген екен, — дейді Е. Тоқтарбай.

Ғалым сөзінің соңында қазақ мүддесі үшін қызмет істеуге, ақиқатқа жеткізер Алаш жолымен жүруге шақырды.

Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Қостанай қаласы

Жаңалықтармен бөлісу