Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынып отыр. Қалалық автобуста жол жүрудің жиі таралған жолақысы 80 теңге, мұндай төлем мөлшері Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында белгіленген.
Парламент Конституциялық Соттың жолдауын назарға алды
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың 2023 жылғы жай-күйі туралы жолдауын назарға алды.
Қостанайға келген Президент кеңесшісі зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Биыл Мемлекет басшысы Атырау қаласында үшінші ұлттық құрылтайды өткізгені белгілі. Жыл сайын өтетін басқосу азаматтық қоғамның пікірлерін жинақтап көп талқысына салатын салмақты диалог алаңына айналды. Онда айтылған Президент тапсырмалары мен пікірлер туралы ой бөлісуге кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қостанайға келді.
Жанкелдин ауданының бұрынғы әкімі өмірден озды
Құрманғазы Шоқпытұлы Жанділдин 1999-2002 жылдары Жанкелдин ауданының әкімі қызметін атқарды.
Қостанайлық тұрғын тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желіге орналастырғаны үшін жауапқа тартылды
Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны “Вконтакте” әлеуметтік желідегі парақшасында діни сипаттағы аудио және бейне материал жариялаған.
Екідің, Қызылжұлдыз ауылдарына киіз үйлер жеткізілді
Биылғы су тасқынынан зардап шекккен Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарына арнап, Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 35 киіз үй жеткізді.
Иттердің көрмесі еріккеннің ермегі ме? Рудныйлық белсенді желі қолданушыларына жауап берді
1 маусым күні Рудныйда иттер көрмесі өткізілмек. Бірақ осы іс-шараның хабарландыруы шыққалы оны қаладағы кейбір тұрғындар қатты сынға алды.
Бұрынғы сағат белдеуі қайтарыла ма? Министрлік жауап берді
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев интернетте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы жария болған петицияға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лудоманиямен күрес: 40 мың адам өзін құмар ойындардан шектеді
Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған.
Ұлттық құрылтай һәм Қазақ тілі
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да тіл түйткіліне тоқталды. Президент мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу мемлекет саясатының басты бағыты екенін атап өтті. Президент: “Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы […]