Қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионатта Қостанай командасы топ жарды

Қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионатта Қостанай командасы топ жарды

Қостанайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионат өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстанның әр өңірінен 100-ге жуық қызметкер қатысып, өздерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Жарыста қызметкерлер күш-жігерін, төзімділігін және жауынгерлік дайындық деңгейін сынап, командаларының намысын қорғады.

Жалпыкомандалық есепте Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы бірінші орынды иеленіп, чемпионат жеңімпазы атанды. Екінші орынға Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің командасы табан тіресе, үшінші орын Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасына бұйырды.

blank

Чемпионаттың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Осындай жарыстар қызметкерлердің кәсіби машығын жетілдіріп, тәртіп пен төзімділікті нығайтуға және командалық рухты арттыруға мүмкіндік береді.