Қазақстан кітапханалары жайлы деректер жарияланды

Қазақстан кітапханалары жайлы деректер жарияланды

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 3920 қоғамдық кітапхана жұмыс істеген, онда 10 мыңнан астам қызметкер еңбектенеді.

Айта кетейік, жалпы саннан 15 кітапхана жекеменшік. 2023 жылмен салыстырғанда кітапханалардың жалпы саны төрт бірлікке қысқарған. Кітапханалардың көпшілігі әмбебап (3873), сонымен қатар елімізде 20 ғылыми, 19 арнайы және басқа да 8 кітапхана жұмыс істейді. Еліміздегі кітапханалардың жалпы санынан балаларға арналған 265 кітапхана бар.

Кітапхананың ең көп саны Түркістан облысында – 399. Одан кейінгі орында 358 кітапханасы бар Батыс Қазақстан облысы мен 341 кітапханасы бар Ақмола облысы.

Кітапхананың ең азы елордада – 27 бірлік. Қазақстанның кітапхана қорында 110,3 млн басылым бар. Электрондық каталогтың көлемі 1,7 млн бірлікті құрайды.

Ең үлкен қор Алматыда, онда 37,1 млн басылым бар. Жалпы кітапханалардағы кітап қоры – 69,4 млн. Өткен жылы кітапханаларға азаматтар 55,4 млн рет барған.

Келушілердің көпшілігі Алматыда – 5,5 млн рет бару, сондай-ақ СҚО және Түркістан облыстарында – тиісінше 4,5 және 4 млн рет бару деректері тіркеліп отыр.