Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?
Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 80-нен астам тексеру жүргізді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың екі айында әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 87 тексеру жүргізген. Оның 62-сі жоспардан тыс, 5-еуі профилактикалық бақылау шеңберінде, 20-сы прокуратураның талабы бойынша болған. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілген, шамамен 11,4 млн теңгеге 44 айыппұл салынған.
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті.
Еңбек адамына құрмет көрсетілді
Галина Кулапина – саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған жан. 43 жыл бойы Перелески ауылында аспаз болып қызмет етіп, талай жанның алғысына бөленді. Өз ісінің нағыз шебері ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты – депутат болды, Слет озаттарының делегаты атанды, сондай-ақ “Мамандығының үздігі” атағына ие болды.
Семіздіктің себебі неде?
Дүниежүзілік тағамтану мамандарының зерттеуіне сүйеніп жазғандай, соңғы 36 жылда салмақ қосқандардың үлесі екі есе көбейген. Әсіресе қала тұрғындары қарбалас өмір салтының әсерінен белсенділік төмендеп, түрлі тез дайындалатын тағамдармен асқазанды толтыру қалыптасқан әдетке айналған.
263 млн астам теңгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі – мемлекет мүддесін қорғау. Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллион теңгеден астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды.
Мемлекеттік кірістер департаменті «rekassa» мобильдік қосымшасына қатысты мәлімдеме жасады
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «rekassa» мобильдік қосымшасына қатысты БКМ тізіліміндегі өзгеріс туралы хабарлайды.
8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА 366 ҚЫЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
8 наурыз мерекесінде Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 босандыруды сәтті жүргізді.
Арқалықта «Доброцен» көтерме сауда желісінің филиалы ашылды
Бүгінгі таңда бұл дүкеннің еліміз бойынша қырық шақты қосындары бар. Қойма-дүкен бұған дейін облысымыздың Қостанай мен Тобыл қалаларында сауда жүргізіп келсе, енді Арқалық қаласынан да ашылып отыр.