Қостанайда 200-ден астам өндіруші мен инновациялар тоғысқан ірі бизнес-жәрмеңке өтті

Қостанайда 200-ден астам өндіруші мен инновациялар тоғысқан ірі бизнес-жәрмеңке өтті

Жәрмеңкеде «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушы кәсіпкерлер, өңірдің ірі өндірушілері де бой көрсетті.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаевтың сөзінше, аталған жәрмеңке жыл сайын көлемі жөнінен де, түрлі өнімдерде артып келеді.

Мысалы, биыл бал мен қымыздан бастап, өңірде өндірілген автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасына дейін ұсынылған.

Таңертең жәрмеңкеде қазылар алқасы бүкіл қатысушылармен танысып, өнімдеріне баға берді.

Қазылар алқасының құрамына Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестерінің өкілдері болды.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары өнімдермен танысып, қызығушылық танытты.

Жанел Құттыбай