Семіздіктің себебі неде? Фото: baq.kz

Семіздіктің себебі неде?

Дүниежүзілік тағамтану мамандарының зерттеуіне сүйеніп жазғандай, соңғы 36 жылда салмақ қосқандардың үлесі екі есе көбейген. Әсіресе қала тұрғындары қарбалас өмір салтының әсерінен белсенділік төмендеп, түрлі тез дайындалатын тағамдармен асқазанды толтыру қалыптасқан әдетке айналған.

– Адамдар аз жұмыс істейді. Оның үстіне жастардың фаст-фудты көп жеуі, дұрыс тамақтанбауы, спортпен шұғылданбауы және бір орында ноутбуктың, компьютердің алдында азаннан кешке дейін отыруы, денсаулығына зиян тигізіп, артық салмақ қосып жатыр деп ойлаймын, – деді қала тұрғыны Айсана Жалайыр.

Ал қала тұрғыны Алмас Фархатұлының пікірінше, негізі артық салмақ қозғалыстың аздығынан және дұрыс тамақтанбаудан қосылады.

Артық салмақ жоғалту процесі тек тағамды шектеу ғана емес, сондай-ақ біз қалыптастыратын өмір салтымен, тамақтану режимі және ұйықымен де тығыз байланысты. Елдегі ересектер арасында 29,7 пайыз әйел мен 33,9 пайыз ер адамның артық салмағы бар. Ал халықтың төрттен бірі семіздікке шалдығып, зардап шегіп жүр. Толғырақ газетіміздің келесі сандарының бірінен оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу