Еңбек адамына құрмет көрсетілді

Еңбек адамына құрмет көрсетілді

Галина Кулапина  – саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған жан. 43 жыл бойы Перелески ауылында аспаз болып қызмет етіп, талай жанның алғысына бөленді. Өз ісінің нағыз шебері ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты – депутат болды, Слет озаттарының делегаты атанды, сондай-ақ “Мамандығының үздігі” атағына ие болды.

Жақында осы еңбегі еленіп, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл – тек кәсібиліктің ғана емес, адал еңбектің, төзімділік пен табандылықтың да бағалануы.

– Осыншама жылдық еңбегімді елеп-ескеріп, жоғары марапатқа лайық деп тапқандарыңызға зор алғысымды білдіремін. Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Қанша жыл өтсе де, еңбек ету – адам үшін ең басты құндылықтардың бірі екенін түсіндім. Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және молшылық тілеймін! – дейді Галина Кулапина.

Галина  тек өз ісінің майталманы ғана емес, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен де көпке үлгі.

Балауса ЖҮНІС

Денисов ауданы

Жаңалықтармен бөлісу