Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында халықты таза ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Мамыр айында өткен Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен 100% қамту іс-шаралары қаралған еді.
Ұзынкөлде “Тың-Целина – 2023” жазғы спартакиадасы өтті
Ұзынкөл ауданындағы екі күнге созылған “Тың-Целина – 2023” жазғы спартакиадасында Аслан Дукаев жарыстың түйепалуаны атанды. Жеңімпазға қой сыйға тартылды.
Берекесі жарасқан әулет
Алтынсарин ауданы Щербаков ауылында тұратын Әлтай ата мен Зылиха апаның отау құрып, шаңырақ көтергендеріне – 50 жыл. Отбасы осынау қуанышты атап өтеміз деп тойға дайындалып жатыр.
Жітіқара ауданында “Тың-2023” XXXII аудандық спартакиадасы өтті
Жітіқара ауданының Ырсай ауылында “Тың-2023” XXXII аудандық жазғы халық ойындары спартакиадасы өтті. Осы жолғы спорт думаны ауданның 95 жылдығына арналды. Он бір ауыл мен ауылдық округтен келген спортшылар 11 ойын түрінен тартысқа түсті.
Арқалықта пойыздардың уақыты тұрақты
Бұған дейін белгілі бір себептерге байланысты №621/622 «Арқалық-Қостанай» пойызы біраз уақыт жұп сандары күні жүрген болатын. Вокзал басшысының айтуынша, алдағы уақытта пойыздардың жүру кестесінде тұрақтылық сақталады.
Туған жеріне туын тіккен
Ұзынкөл ауданында кезінде Абай, Есмырза, Үкіатқан, Отынағаш, Обаған тәрізді қазақ ауылдары көп еді. Тоқсаныншы жылдардан бері бұларда халық саны едәуір азайып қалды. Бүгінде Обаған ауылынан басқасы жабылудың сәл-ақ алдында тұр.
Биыл Меңдіқарада 305 мың гектар жерге дән себілді
Меңдіқара ауданында биыл 305 мың гектар жерге дән себілген. Оның 60 мың гектары майлы дақылдар, 6,9 мың гектары жем-шөп және 166 гектары картоп пен көкөніс. Ең көп жер дәнді дақылға тиесілі – 237 мың гектардан асады.
Майкөл ауылында «Тың-2023» спартакиадасы өтті
Өткен демалыс күндері Қостанай ауданының Майкөл ауылында дәстүрге айналған «Тың-2023» спартакиадасы өтті. Ауқымды спорт сайысына Тобыл қаласы мен ауылдық округтерден барлығы он жеті команда қатысты.
Үйкескен ауылының сыртындағы қорымның жанына зиярат жасаушыларға арналған орынжай салынды
Ұзынкөл ауданы Новопокров селолық округіне қарасты Үйкескен ауылының сыртындағы қорымның жанына зиярат жасаушыларға арналған орынжай салынды. 30 адамға арналған үй мен 200 адамға арналған жазғы асхана барлық керек-жарақпен түгел қамтылған.
Арқалықта жастар арасында нашақорлыққа қарсы кіші футболдан жарыс өтті
Арқалықта қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына көп көңіл бөлінуде. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Жастар ресурстық орталығы және Арқалық қаласы полиция басқармасының «Есірткіге қарсы іс – қимыл» тобының бірлесіп ұйымдастырыуымен жастар арасында кіші футболдан жарыс өтті.