Борышкерлердің елден шығуына шектеу талабы күшейтілді

Борышкерлердің елден шығуына шектеу талабы күшейтілді

Атқарушылық іс жүргізу мен сот орындаушыларының қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілгені туралы өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қостанай қаласы бойынша «Ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы Райхан Тілеубаева айтып берді.

Бірнешеуіне тоқталар болса, борышкер – жеке тұлғаның елден шығуына уақытша шектеу қою үшін қарыз сомасының шегі бұрын 20 АЕК болса, қазір 40 АЕК-ке дейін көтерілді. Сондай-ақ атқарушылық құжаттардың тізімі кеңейтілді.

Енді оған «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілген атқарушылық парақтар да кіреді.

Райхан Тлеубаеваның айтуынша, жеке сот орындаушылары үшін атқарушылық құжаттарды орындаудың шекті мерзімі алты айдан аспауға тиіс.

«Заңның 1-бабында атқарушылық іс жүргізу борышкерден атқарушылық санкцияны, өсімақыны, атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды өндіріп алу шараларын қамтитыны көрсетілген. Яғни, өсімақы – бұл атқарушылық құжаттың талаптарын орындамағаны үшін қолданылатын санкция. Заңның 104-бабына сәйкес, егер атқарушылық құжат борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттесе және борышкер бұл талаптарды белгіленген мерзімде орындамаса, сот орындаушысы өсімақыны өндіріп алу туралы ұсынысты сотқа жібереді. Мөлшері, өткізіп алған әрбір күн үшін жеке тұлғаларға 2 АЕК көлемінде, заңды тұлғаларға 10 АЕК. Шекті мөлшері ең көп дегенде 360 АЕК, заңды тұлғаларға 900 АЕК. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – ең көп дегенде 600 АЕК, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлер үшін – ең көп дегенде 15 АЕК. Бұл ережелер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған атқарушылық құжаттарға қолданылмайды», – деді Райхан Тілеубаева.

Салықтық берешектер бойынша өсімпұлды өндіру заңда және тиісті салық/кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асады. Сот орындаушысы борышкер атқарушылық құжатты орындаудан жалтарса, яғни, қарызды, алиментті, айыппұлды, өтемақыны және т.б. төлемесе борышкердің ҚР тыс жергерге шығу құқығын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы.

«Шектеу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет екендігі туралы дәлелдер болса. Сот орындаушысы қаулы шығарады. Ол сотқа жіберіледі. Ары қарай сот бекітеді немесе кері қайтарады. Егер бекітілгеннен кейін мәліметтер ҚР ҰҚК Шекара қызметіне беріледі және азамат шекарадан өте алмайды», – дейді Райхан Тілеубаева.

Шектеу шаралары қылмыстық процестің шеңберінде де қолданылады. Тергеуші, прокурор немесе сот айыпталушының, күдіктінің, куәгердің немесе іске қатысушы басқа тұлғаның елден шығуын тергеу немесе сот талқылауы аяқталғанға дейін уақытша шектеуі мүмкін.

«Электрондық нысанда түскен құжаттар үшін жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу ұғымы енгізілді. Бұл режимде іс жүргізу автоматтандырылған жүйе арқылы дереу қозғалады және қаулының күші әдеттегі сот орындаушысының қаулысымен бірдей. Борышкердің жалақысының неменсе өзге де кірісіне өндіріп алу қолданылса, басқа атқарушылық іс жүргізушілер болған күннің өзінде оның еңбекақысының тек жартысы сақталуы тиіс», – дейді өкіл.

Сонымен қатар, егер борышкерде өндіріп алуға болатын мүлік немесе кіріс болмаса, іс жүргізу тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ борышкердің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаса, мүлкі болмаса сот шешімі тоқтатылады.

Сералы МЫРЗАБАЙ