Қостанайда алаяқтарға миллиондаған теңге табуға көмектескен жасөспірімдердің  қылмысы ашылды

Қостанайда алаяқтарға миллиондаған теңге табуға көмектескен жасөспірімдердің  қылмысы ашылды

Жағдайды Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтаған. Щербаков пен Қашар кентінің 13-14 жастағы тұрғындары интернетте  осылай «жұмыс істеуге» шешім қабылдаған.

Белгісіз адамдардың өтініші бойынша олар ондаған SIM карталарын қосып, оларды үшінші тұлғаларға пайдалануға беріп отырады. Бұл нөмірлерді алаяқтар мессенджер шоттарын құрып, аймақ тұрғындарын алдау үшін пайдаланып келген.

Жалған аккаунттар арқылы зиянкестер таныс сценарийлер бойынша әрекет етіп,  «есептегіштерді тексеру» немесе «Сізге сәлемдеме келді» деген хабарламалар жолдаған. Осылайша олар азаматтардың шамамен 8 миллион теңгесін қолды қылды.

«Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер телефондар мен SIM-карталарды тәркіледі, жасөспірімдер өздерінің қатысы бар екенін мойындады. Қазіргі таңда қылмыстық схеманың барлық қатысушылары анықталуда. Сонымен қатар, Щербаково ауылынан тағы бес оқушы осындай принцип бойынша әрекет еткені белгілі болды. Олардың ата-аналары заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп хабаплайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция басқа адамдарға тіркелген SIM карталарын беру немесе жалға беру заңға қайшы екенін еске салады

Осындай нөмірлер көбінесе алаяқтық және басқа да қылмыстар үшін қолданылады. Егер Сіз картаны «іске қосуға көмектессеңіз де» сізде қылмысқа қатысушы болу қаупі бар.