Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға қатысты 320-дан астам келісімшарт жасалды

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға қатысты 320-дан астам келісімшарт жасалды

2025 жылдың 9 айында геологиялық барлауға салыған инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев хабарлады.
Ол бүгінгі таңда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жалпы саны 324 екенін, оның ішінде барлауға – 15, барлауға және өндіруге – 170, өндіруге – 131, ӨБК – 8 болғанын айтты.

«2023 және 2024 жылдары жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауға тиісінше 150 млрд және 160 млрд теңге инвестициялады. 2025 жылдың 9 айында геологиялық барлауға салыған инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін геологиялық барлауға салынатын инвестиция көлемі алдыңғы жылдардың деңгейінен кем болмайды деп күтілуде», — деп атап өтті Қайырхан Тұтқышбаев.

Қазіргі уақытта мұнай саласында шамамен 220 мың адам еңбек етеді, оған өндіру, өңдеу, тасымалдау және мұнай сервисі кіреді.