Қостанай облысында мыңнан астам жас мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Оның ішінде 150-ден көбі әртүрлі басшылық лауазымға тағайындалған.
Мемлекет басшысының VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзі (толық мәтін)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін akorda.kz-ке сілтеме жасай отырып, толығымен назарларыңызға ұсынамыз.
Амангелді ауданында «Қанатты домбыра» атты жас күйшілер байқауы өтті
Ұлт батыры Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Аманкелді ауданының құрметті азаматы, дәулескер күйші-композитор Айтбай Мұздахановтың шығармашылығына арналған тұңғыш рет «Қанатты домбыра» атты облыстық жас домбырашылар байқауы өтті. Оған 34 өскелең өнерпаз қатысты.
IQanat олимпиадасы: облыс оқушылары 2-кезеңде
17-19 наурыз аралығында Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатта IQanat республикалық олимпиадасының 2-ші облыстық кезеңі өтті. Оған облыстың 8-сыныпта оқитын 187 оқушысы қатысты.
АӘК алушылар санын қайтсе азайтуға болады?
Жамбыл облысының тәжірбиесін кеңінен таратуды іске асыру аясында облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таяуда өңірдегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұмыссыз азаматтар және өнімсіз жұмыспен қамтылған халық арасында талдау жүргізіпті. Соның нәтижесінде қай өңірде АӘК алушылар саны артып отырғаны анықталған.
Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы 14,5% өседі
1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5% өседі. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Президент: «Қазақстан-2050″ стратегиясын түбегейлі қайта қарау қажет»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда «Қазақстан-2050» стратегиясын түбегейлі қайта қарауды ұсынды.
Қостанайда көпір астына жиналған қар суы көлік қозғалысын қиындатты (ВИДЕО)
Қостанай қаласының Абай даңғылы бойындағы көпір астында (КЖБИ шағын ауданы) қар суы көп жиналып, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Бұл маңдағы кәріз жүйесі көп мөлшердегі суды ағызып үлгере алмауда. Қазір «Капитал груп союз» ЖШС мердігер ұйымы су сору жұмыстарына кіріскен. Төмендегі видеоларды бізге оқырмандарымыз жолдады. Айта кетейік, биыл Абай даңғылына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы […]
Қостанайлық боксшы қыз әлем чемпионатынан қола медальмен оралды
Үндістанның Дели қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатынан жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдемен оралды. Қостанай темір жол вокзалынан жүлдегерді жанкүйерлер, боксшының туған-туыстары мен достары, спорт басқармасының өкілдері қарсы алды.
Тоқаев: «Партиялар мен үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында кезектен тыс депутаттар сайлауында партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.