Тіk-Tok желісінде Жанкелдин ауданының Ақшығанақ ауылының маңынан итбалық табылғаны туралы бейнежазба тарады.
Онда Торғай өңіріне таңсық теңіз жануарының ағын сумен келгені айтылады. Осы жөнінде ауыл әкімі Жарқын Сабыржан пікір білдірді.
“Біздің ауылдың маңынан мұндай тіршілік иесін бұрын-соңды ешкім көрмеген. Бұл бейнежазбаның Ақшығанақта түсірілмегені анық”, – деп кесіп айтты ауыл әкімі.
Жанкелдин ауданының әкімдігі оқырмандарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.