Басылымның бүгіні мен тарихы таныстырылды

Басылымның бүгіні мен тарихы таныстырылды

Штаттан тыс әскери тілшілермен 1 күндік оқу әдістемелік жиын, қазыналы қара шаңырақ облыстық “Қостанай таңы” газетінің қабырғасында өткізілді.

Онда бас редактордың орынбасары Аслан Жақсылықұлы газеттің тарихымен, бүгінгі аяқ алысы, онда еңбек етіп жатқан адамдар туралы шолумен таныстырды. Жалпы газет басылымында өзекті тақырыптар, мемлекеттік маңызды жаңалықтар туралы тек қазақ тілінде шығатыны көңіл қуантады.

Сарбаздар мен әскери қызметшілер газет қалай беттеледі, баспаханаға жеткенше қаншама мамандардың қолынан өтетініне қанық болды. Басылым ғимаратындағы кішігірім мұражайға тұрарлық суреттер, заттар бар. Олар да газет тарихын сырт шертіп тұрды. Жиын барысында А.Қанғожинге бөлім командирі атынан алғыс хат табысталып, ол кісі де, одан әрі де қызметтік қажеттілікте аянбайтынын жеткізді. Кейін жиын бөлімнің клубында подполковник Е. Сараубеков мырзаның сабағына жалғасты. Ол жерде роталардың жауынгерлік бұрыш басылымында қандай мәліметтер болуы тиіс, оған кімдер жауапты деген сияқты түрлі пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Жаңалықтармен бөлісу