Қостанай автомобиль көлігі колледжінде Allur Кәсіби құзыреттіліктер орталығы ашылды

Қостанай автомобиль көлігі колледжінде Allur Кәсіби құзыреттіліктер орталығы ашылды

Орталық облыста автомобиль саласының білікті мамандарын даярлауға ықпал етпек. Зауыт пен колледж арасындағы көп жылдық ынтымақтастық осы бағытта білікті кадр дайындауға маңызды қадам болып отыр.

Колледждің материалдық-техникалық базасын дамытып қана қоймай, экономиканың басым салаларының мұқтаждығы үшін жаңа мамандықтарды ашылып жатыр. Соның бірегейі – «Автомобиль жасау» мамандығы.

Allur зауыты мен колледж арасындағы бірегей серіктестік студенттердің кәсіби өсуіне қосымша мүмкіндіктер береді және оқу процесінің озық өндіріс технологияларымен тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

“Мұндай ынтымақтастықтың тиімді мысалы Allur зауытының автомобиль көлігі колледжіне қамқорлығы болды. Allur зауыты – мақсатты тапсырыс бойынша оқытуда көшбасшы, оқудан кейін бірден 211 студент кәсіпорынға мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Машина жасау бөлімшесін дамыту мақсатында биыл колледжге қосымша 3 ғимарат корпусы берілді. Бұл сұраныстағы мамандықтар бойынша студенттер санын көбейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.

Allur зауытының бас директоры Сырым Сайранбекұлы Семейбаев колледжідің қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Оның инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөледі.

“140 млн теңгеден астам қаржыға кітапхана, конферен-зал, спорт алаңдары және басқа да объектілер жаңартылды.Кәсіпорындармен мұндай үйлесімді іс-қимылды облыстың басқа колледждеріне көрсету маңызды.Қостанай автомобиль көлігі колледжі негізінде құрылған Allur кәсіби құзыреттіліктер орталығы автомобиль жасау индустриясына мамандарды бірлесе даярлаудың негізгі элементі болмақ”, – дейді Сырым Семейбаев.

Студенттерді зауыттың білікті қызметкерлері және колледждің оқытушылары оқытады.

Бұл саланың нақты қажеттіліктеріне барынша бейімделуін қамтамасыз етеді.

Жаңалықтармен бөлісу