Қостанай облыстық ауруханасының хирургтері өңір тарихында алғаш рет құрсақ қолқасының аневризмасы бар науқасқа стент-графт имплантациялау отасын сәтті орындады.
Конституцияның құндылығы күнделікті өмірден көрінеді
Конституцияның маңызын мемлекеттік құрылымдардың қалай жұмыс істейтінімен ғана өлшеу жеткіліксіз. Оның шынайы құндылығы қарапайым азаматтың өз құқығын қаншалықты білетінінен, қажет кезінде оны қорғай алуынан және заңға сүйеніп әрекет ету мүмкіндігінен көрінеді.
Бес оқырманға – тегін жазылым
Қостанай қаласының тұрғыны Жақсылық Жақыпбекқызы үшін баспасөз күні – мерекемен пара-пар. Сексен бір жастағы қария жыл сайын осы сәтті асыға күтеді. Облыстық «Қостанай таңы» газетіне жазылуды дәстүрге айналдырған. Биыл да сүйікті басылымынан қол үзген жоқ. Оның үстіне, биылғы жазылымның жөні бөлек. Өйткені газет бес оқырманына тегін жазылым сыйлады. Олардың қатарында Жақсылық Жақыпбекқызы да бар.
Қостанай облысында тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелері 10,2%-ға азайды
Бұл – еліміздегі өңірлер арасындағы ең жоғары төмендеу көрсеткіштерінің бірі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Қостанай бизнесіне жаңа серпін: «Іскер аймақ» қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Қостанайда шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың маңызды тірегіне айналып отыр. Қазіргі уақытта қалада 29 993 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп, 75 279 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бес жоба – бір мақсат: студенттік идеядан нақты шешімге дейін
Білім беруді жаңғырту, ұлттық мұраны цифрлық форматта сақтау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттері ұсынған бес жобаның негізгі бағыты.
Егістік жайын жасанды интеллект анықтайды: студенттер фермерлерге арналған AI жүйесін әзірледі
Қостанай өңірінде ауыл шаруашылығын цифрландыруға бағытталған жаңа жоба әзірленді. Қостанай өңірлік университетінің 4-курс студенттері Данил Руш пен Жәңгір Сатмырза өсімдік ауруларын суреттер арқылы анықтайтын жасанды интеллект жүйесін жасап, оны AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында таныстырды.
