Қоғамның құқықтық сауатын арттырып, заң үстемдігін қамтамасыз ету – заң саласы мамандарының кәсіби міндеті. Ал туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршаға ортақ азаматтық жауапкершілік. Осы орайда Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күні қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің ұжымы заң қоғамдастығы өкілдерімен бірге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Қостанайда инклюзивті фестивальдің өңірлік кезеңі өтті
Қазақстанда «Әділет» партиясы ұйымдастырып жатқан «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті фестивалі басталды. Фестивальдің алғашқы өңірлік кезеңдері Қостанай облысында өтті.
Әуенмен елін тербеген сазгер: Бақытжан Сәуекенов 75 жаста
Ән мен жырдың, тарих пен тағылымның алтын бесігі болған қасиетті Торғай топырағында тағы бір тағылымды мәдени шара өтті. Нұрхан Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің төрінде елге еңбегімен танылған, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге өлшеулі үлес қосқан белгілі сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, Жангелдин және Меңдіқара аудандарының Құрметті азаматы […]
Мүлік салығын төлеу мерзімі жақындады
Қостанай облысында 2025 жыл үшін жеке тұлғаларға есептелген мүлік салығын төлеу науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде өңірдегі салық төлеушілердің басым бөлігі міндеттемесін орындағанымен, қалған азаматтар үшін төлем мерзімі – 1 қазанға дейін қалып отыр.
Ескі билеттегі естелік, қайта оралған әуе жолы
Редакциямызға Алматы қаласының тұрғыны Ермек Көшеков деген кісіден ерекше хат келіп түсті. Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын Ермек аға Арқалық қаласындағы сол кездегі педагогикалық институтта білім алыпты. Сол жылдары Арқалықтан Алматыға ұшақпен қатынап жүріпті. Алайда кейін әуежай жұмысын тоқтатқаны баршаға мәлім. Ал Ермек ағамыз сол жылдардағы ұшақ билетін лақтырмай әлі күнге дейін сақтап келген.
Жаңа министрге жауапты міндеттер жүктелді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке кезек күттірмейтін бірқатар міндет жүктеді.
Президент Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы: «Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жұмысын түбегейлі трансформациялау мәселесіне тоқталды.
Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияның Аичи–Наго қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.
Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
