Құрметті әріптестер! Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 15 қыркүйегінде Түркияның мәдени астанасы — Стамбұлда VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумын ұйымдастырады.
“BOSPHOURS MEDIA MEETING: СТАМБҰЛ БАСҚОСУЫ”
Құрметті әріптестер! Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 12-18 қыркүйегінде Түркияның мәдени астанасы — Стамбұлда “Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы” жобасын ұйымдастырады.
Облыс әкімі Арқалықта
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кезекті рет Арқалық қаласына жұмыс сапарымен келді. Бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын өз көзімен көрді.
Бизнеске арналған жаңа цифрлық сервистер ұсынылды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнес-қауымдастыққа екі жаңа цифрлық өнімді таныстырды. Әзірлемелер бизнес бастауды жеңілдетіп, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді арттыруға арналған.
Шағын шаһарда жаңа саябақ пайдалануға берілді
Рудный қаласының жанындағы Қашар кентіндегі бұл қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуі мен демалысына арналған маңызды орындардың бірі саналады.
Қашар кентінде тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
Солардың бірі №1 шағын аудандағы №84 тұрғын үйде жаңарту жұмыстары басталған. Былтыр бұл ғимаратты жеке компания сатып алған. Өз қаражаты есебінен толық жөндеуден өткізіп отыр.
Спорт мерекесі жеңімпаздарды анықтады
Денисов ауданында дәстүрлі аудандық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ірі додаға айналды. Жыл сайын өткізілетін бұл жарысқа ауданның ауылдық округтері мен ауылдарынан келген спортшылар қатысып, өзара бақ сынады.
«Қорқыт» ансамблі Арқалыққа сауық кешін сыйлады
Елордада ұлттық өнердің абыройын асқақтатып жүрген этно-фольклорлық ансамбльмен Арқалыққа келген қазақтың дәстүрлі күй өнерін әлемге танытып жүрген белгілі күйші, домбырашы, композитор, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова арқалықтықтарға арнайы концерттік бағдарламасын тарту етті.
Жас — Ұландықтар «Астана күнін» айшықтады
Астана күні мерекесіне орай «Жас — Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балдәурен» жазғы лагерінің II ауысым оқушыларының қатысуымен «Астана — елімнің жүрегі» атты мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Төрт түлігін жүйеге тіркемеген тұрғындар жауапкершілікке тартылады
Қазір әр ауыл шаруашылығы жануарының жеке «биографиясы» болуы шарт. Қораңыздағы әрбір түліктің дерегі электронды жүйеде тіркеулі тұруы керек. Бұл – эпизоотиялық әрі тұтынушылық қауіпсіздік, статистикалық сәйкестік мәселесі. Оған немкетті қарау жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін. Сөйтсе де өңірде заң талаптарын ескермеу дерегі жиі тіркеледі…
