Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кезекті рет Арқалық қаласына жұмыс сапарымен келді. Бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын өз көзімен көрді.
Мемлекет басшысы Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіруді тапсырған болатын. Жоба өңір мен жергілікті тұрғындар үшін үлкен маңызға ие. Әуежай 1993 жылы жұмысты тоқтатқан.

Қазіргі таңда терминал бойынша негізгі құрылыс және инженерлік жұмыстар орындалды. Авариялық-құтқару станциясының, диспетчерлік мұнарасының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ұшу-қону жолағында асфальт фрезерлеу жұмыстары басталды.

Автономды қазандық пен сорғы станциясы толығымен орнатылды. Барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған. Жұмыстың құны – 19,5 млрд теңге. Әуежай қолданысқа енгеннен кейін Қостанай, Астана, Алматы бағыттары бойынша әуе қатынасын ұйымдастыру жоспарда бар. Жобаны аяқтау мерзімі: 2026 жылғы 31 шілде.

«Әуежайды қалпына келтіру өңірдің инфрақұрылымын нығайту, азаматтардың өмір сүру сапасы мен жайлылығын арттыру және экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін маңызды қадам болады», – деді облыс басшысы.
Сонымен қатар, әуежайды төтенше жағдайлар туындаған кезінде логистикалық мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады.
Облыс әкімі Арқалық университетінің тынысымен танысты. Былтыр осы Арқалықтың жоғары оқу орны «Университет» мәртебесіне ие болған еді. Экономиканың барлық салалары үшін педагогтар мен ғылыми кадрларды даярлау бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

Білімнің қара шаңырағы оқытуды мемлекеттік және орыс тілдерінде 113 оқытушы жүргізеді. Университеттің мәртебесі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, магистратураның және болашақта докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.
Журналистика, ІТ, экономикалық, ауыл шаруашылығы және басқа да мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағыттары ашылады. Осылайша, білім алушылар контингенті 5 мың адамға дейін ұлғаяды.

Университетте өңірдің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған зерттеу жобалары дамитын болады. Инновациялық технологияларды енгізуге және оқытудың заманауи әдістемелерін дамытуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, мәртебе жоғары оқу орнының беделін арттырып, оны халықаралық серіктестер үшін тартымды етеді.

Университет инфрақұрылымын кеңейту үшін бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратын университеттің оқу корпусын етіп қайта жаңғыртылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы мемлекеттік қордан 1,9 млрд теңге бөлінген.
Корпуста медиатека кабинеті, кітап қоймасы, оқу залы, 13 оқу-зертханалық кабинет, коворкинг-орталық, 2 зертхана, 120 орынға дәрісхана, 60 орынға 8 дәрісхана, 50 орынға 7 мамандырылған дәрісхана, 8 компьютерлік кабинет, профессорларға арналған 5 кабинет, оқытушыларға арналған 6 кабинет, асхана және басқа да орын-жайлар қамтылған. Қазіргі таңда университет лицензия алу жөнінде жұмыс жүргізуде.
Президентіміз бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» бағдарламасы тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және халық үшін қолайлы орта құруға бағытталған.

«Бағдарлама аясында бүгін көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып жатырмыз. Бұл жұмыстар ғимаратқа бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында атқарылуда. Тұрғын үйлердің сыртқы келбеті қаланың заманауи әрі тартымды бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ұқыпты қасбеттер, абаттандырылған аулалар мен таза көшелер тұрғындарға жайлы жағдай жасайды»,-деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Арқалық қаласында 3 жыл ішінде 138 тұрғын үйдің сыртқы келбеті жақсартылды. 2022 жылы 10 үй жөнделсе, былтыр 70 үй жөнделді. Биыл тағы 50 үйдің сыртқы келбетін жақсарту жоспарланып отыр. 3 жыл ішінде облыста елді мекендерді абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді: 130 км жол жөнделіп, 6 қоғамдық кеңістік ашылды, 17 мыңға жуық ағаш және көшет отырғызылды, 47 балалар алаңы мен спорт алаңы, 540 шам орнатылды, сондай инфрақұрылым желілері жөнделді.

Мұның барлығы халық үшін заманауи әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі болып табылады.
«Тазалық пен тәртіп әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталатынын түсінуіміз қажет. Халық өз үйіне, ауласына және қаласына ұқыпты қарамаса, тұрақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Бірлескен күш-жігердің арқасында қалаларымыз бен аудандарымызды заманауи, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы ете алатынымызға сенімдімін», – деді Құмар Іргебайұлы.
Сапалы білім беру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Қостанай облысында 3 жыл ішінде 6 840 орындық 10 мектеп, оның ішінде 4 келешек мектебі ашылды. Облысымызда аталған келешек мектептердің ең алғашқысы Арқалық қаласында салынған болатын.

Облыс әкімі сапар барысында қаладағы М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебіне ат басын бұрды.
Мектеп 1973 жылы салынған. Жалпы ауданы – 4 600 ш.м. Мұнда 250-ден астам оқушы білім алады.
Бүгінде аталмыш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу аясында спорт залы, акт залы, асхана, төртінші қабат және мектеп аумағы жаңартылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының жалпы орындалуы 62%-ті құрайды.
Жаңартылған мектеп оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарын биыл 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.
Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде теміржол вокзалдарын ауқымды түрде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы еліміз бойынша 125 теміржол вокзалы жаңғыртылуда, ал Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы – Қостанай қаласында, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай, Кұсмұрын бекеттерінде теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылуда. 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бүгінде Аманқарағай және Құсмұрын бекеттерінің теміржол вокзалдары жаңғыртудан кейін қайта ашылды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов теміржол вокзалының негізгі көлік нысандарының бірі болып табылатынын тілге тиек етті. Күн сайын вокзал арқылы мыңдаған жолаушылар, оның ішінде облыс тұрғындары, кәсіпкерлер, қонақтар мен туристер өтеді. Осыған байланысты мұнда заманауи, қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау аса маңызды.
Арқалық қаласының теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының құны шамамен 1,3 млрд теңгені құрайды. Жалпы ауданы 1,8 мың шаршы метр.
Инженерлік желілер, күту залдары мен кассалық аймақтар, санитариялық жайлар жаңартылып, заманауи қауіпсіздік жүйелері енгізілетін болады.
Қайта жаңғырту барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мүгедектігі бар азаматтар, қарт адамдар және балалары бар жолаушылар үшін барлық жағдай жасалу керек. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен жайлылық деңгейі айтарлықтай артты.
Жаңартылған вокзал жолаушылар ағынын және іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.
Спорт салауатты өмір салтының негізі ретінде дені сау ұлтты қалыптасыруда басты рөл атқарады.
«Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және ұлт денсаулығын нығайту туралы тапсырмасын орындау үшін, біз спорт инфрақұрылымының санын жоспарлы түрде ұлғайтып жатырмыз», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің мәлімдеуінше спорт саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2022 жылы 9 млрд теңге жұмсалса, биыл 32,2 млрд теңге қарастырылған, өсім 3,3 есе.
Салынып жатқан спорт объектілердің саны артып келеді. 3 жыл ішінде 30-дан астам нысан ашылды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да өз жалғасын табады.
Облыстық орталықта көпфункционалды стадион және еліміз бойынша ең ірі «Осьминог» жабық аквапаркі, сондай-ақ теннис орталығы салынуда.
Жақында ғана «Астана» шағын ауданында спорт сарайының құрылысына бастау берілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға спорт кешенін салуға келісім жасалды.
Былтыр Арқалық қаласында 3 спорт нысаны ашылды. Күрес залы, спорт кешені және дарынды балаларға арналған спорт интернаты. Биыл қалада жабық хоккей корты салынуда, ал «Самұрық Қазына» көпфункционалды спорт кешенін салып жатыр.
Биыл Арқалық қаласында жазғы спартакиада өтеді. Спартакиада облыстың басты спорттық іс-шарасы болып табылады», – деді Құмар Іргебайұлы.
Арқалық қаласындағы «Жігер» стадионы іс-шара өтетін негізгі орындарының бірі болады. Стадионның ағымдағы жөндеуіне облыстық бюджеттен 207 млн теңге бөлінген. Оның ішінде әкімшілік ғимараты жөндеу үшін 11,5 млн теңге бөлінген.

Стадионда волейбол және баскетбол секциялары жұмыс істеуде. Апта сайын қалалық спорттық жарыстар өтеді. Күніне 150 адам келеді. Стадионның өткізу қабілеттілігі – ауысымына 50 адам.
Сондай – ақ, биыл қалада жабық хоккей корты және көпфункционалды спорт кешенін салынуда.
Денешынықтыру-сауықтыру кешенін «Самұрық-Қазына» есебінен салынып жатыр, инвестиция көлемі – 1,6 млрд теңге.
Кешеннің жалпы көлемі – 1,9 мың м2, өткізу қабілеттілігі – ауысымына 40 адам.
Жабық хоккей кортының құны 552,1 млн теңге. Корттың жалпы көлемі – 2,4 мың м2, өткізу қабілеттілігі – ауысымына 40 адам.
Спорт кешендерінің ашылуы әртүрлі жастағы халықты салауатты өмір салтын ұстануға тартады. Спорт тәртіпті қалыптастырады және жақсы әдеттерді дамытады.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев
Арқалық қаласы
