Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы жоғары білімнің флагманы, заманауи ғылым мен инновацияның орталығы. 1934 жылы құрылған бұл университет елдегі жоғары білімнің дамуына айрықша үлес қосып, бірнеше буын көрнекті мамандарды, ғалымдарды және қоғам қайраткерлерін даярлады.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жолданымдарды қарау тәртібі
Қазақстан Республикасында прокуратураның қызметі Конституциямен, «Прокуратура туралы» Заңмен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексімен реттеледі. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ заңнаманы сақтау мәселелері бойынша прокуратураға жүгінуге құқылы.
Арқалық музейіне Әнуар Боранбаевтың жеке заттары тапсырылды
Даңқты жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаев – Торғай топырағынан шыққан шоқтығы биік өнер жұлдызы.
Face ID жүйесі. Жаңашылдықты халық қалай қабылдап жатыр?
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық емхана, ауруханаларда пациенттерді Face ID жүйесі арқылы қабылдау басталады. Мақсаты – жалған медициналық қызметтерді анықтау. Қамысты аудандық ауруханада бұл бағдарлама биылғы жылдың 10 қаңтарынан басталды. Бүгінде аудандық ауруханада 22 веб камера орнатылған.
Сыйлықтарды уәкілетті органға тапсыру ережесін біле жүріңіздер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қағидаларына сәйкес, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 216-бабы 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген […]
Есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғандар жауапкершілікке тартылады
Есеп беру кездесуінде Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.
Алғаш рет өткен жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары Қостанайға олжалы оралды
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет өткізілген жасанды интеллект бойынша желілік олимпиада қостнайлықтар үшін сәтті аяқталды.
Арқалықта театр күні мерекеленді
Қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театры Н.Гоголдің «Ревизор» қойылымын көрермен назарына ұсынып, көпшіліктің қошеметіне кенелді. Қойылымды қала әкімі Әмірхан Асановтың өзі бас болып тамашалады.
«Тазару күні» – тазалық пен жаңарудың бастауы
Әулиекөл ауданында 23 наурыз күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «Тазару күні» өткен болатын. Бұл игі шара жаңа жылды жаңа үмітпен, ізгі ниетпен қарсы алудың жарқын көрінісі болды. Өйткені қоршаған ортаның тазалығы – ойымыздың, болашағымыздың тазалығы. Экологиялық шаралар бүгін де жалғасуда.
Облыстық санавиацияның қарамағына заманауи тікұшақ берілді
Осылайша Eurocopter H-145.D-3 Airbus helicopter тікұшағының көмегімен санитарлық авиация мамандары шалғай аудандарға шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндігін едәуір кеңейтіп отыр. Енді ауыр науқастар қажетті көмекті тезірек алу үшін облыс орталығына жылдам қатынай алатын болды.