Осылайша Eurocopter H-145.D-3 Airbus helicopter тікұшағының көмегімен санитарлық авиация мамандары шалғай аудандарға шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндігін едәуір кеңейтіп отыр. Енді ауыр науқастар қажетті көмекті тезірек алу үшін облыс орталығына жылдам қатынай алатын болды.
Санитарлық авиацияның иелігінде АН-2 және 2 бірлік жер үсті көлігі ұшағы да қалды.
Санитарлық авиация бөлімшесі – облыстық жедел жәрдем станциясының бөлімшесі. Қазіргі желісі бойынша күн сайын құрамында дәрігер, фельдшерлері бар бригадасы кезекшілік етеді. Қажет болғанда бейінді профильді мамандар, соның ішінде бала дәрігерлері шақырту түскен аймаққа ұшып бара алады.
2024 жылы санитарлық авиация желісі бойынша 74 ұшу және 353 жерүсті көлігімен шығу жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бригадалары 92 рет іс-сапарға шығып, 8 рет тікұшақ ұшырған.