Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында экология және тұрақты даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Негізгі аспектілердің бірі автоматтандырылған ауа бақылау жүйесін орнату тақырыбы болған еді. Биыл Қостанай облысында төрт кәсіпорын осы жүйені орнататын болған.
Бұл туралы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Нұркен Шәрбиев өңірлік коммуникация алаңында болған баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазірдің өзінде Қостнай облысының үш кәсіпгорынында автоматтандырылған ауа бақылау жүйесі деп орнатылды. “Комаров тау-кен кәсіпорны”, “Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі”, Краснооктябрь боксит өндірістік бірлестігі кен басқармасы бұл жүйесін іске қосуға дайын. Қазіргі уақытта Қостанай жылу эдектр орталығында ақпараттық жүйесіне іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы сәуір айының соңына дейін аяқтауға шарт жасалды», – деді министрдің орынбасары.
Жалпы, Қостанай облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. Аймақта 80 оператор жұмыс істейді.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА