Наурыз айы Торғай елі үшін қуанышқа толы болды

Наурыз айы Торғай елі үшін қуанышқа толы болды

Биылғы жылдың наурыз айында, Бурабай елді мекенінде ІV – Ұлттық құрылтай табиғаты сәнді Көкше төрінде өтті. Қазақ елі әр жылдары мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың өзі бастамасымен өтетін, осы құрылтайдан үлкен үміт күтеді. Бұл жиында барлық қазақ халқы үшін,елдің болашақтағы жаңа өзгерістері айқындалады.

Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай, атқарылған көптеген істерді атай отырып,алдағы жоспарлармен де бөлісті. Осы уақыт аралығында біздің еліміз жылма жыл әлеуметтік салаға көп көңіл бөлуде. Ұстаздардың, медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді. Бұл дегеніміз, болашаққа жақсы дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бұрынғы Торғай облысы, тұрғындары үшін, бұл құрылтайдағы мемлекет басшысының үндеуі. Арқалық Аманкелді, Жанкелдин аудандары үшін үлкен қуанышты хабар болды. Тарихымызда көптеген қиындықтарды көрген ел, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында табылып, тұтастай тұрған Арқалық қаласының жағдайы төмендеп кеткені халықтың көз алдында. Міне, кейінгі уақытта бұрынғы облыс орталығы Арқалық қаласының күннен-күнге өркендеп өсіп келе жатырғанына ел куә.

Бұған қоса кешегі мемлекет басшысының сөзінде, Арқалық қаласындағы авиақатынас қайта жанданып, әуежайдың қайта ашылатыны және оған мемлекеттен қаржы тез арада бөлініп, жуық арада іске асырылатыны өте қуанышты хабар.

Былтырғы су тасқыны кезінде біздің елге келген вертолеттерге авиа керосиннің жеткіліксіз болды. Сан авиацияға шақырылған ұшақтар қауіпті жағдайда жерге қонды. Енді болашақта бұл жағдайлардың қайталанбайтынын ойласақ, бұл да Торғай еліне жасалып жатырған үлкен қамқорлы деп білеміз.

Ал Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз арқылы өтетін автожол кешенін салу Торғай елінің тірлігіне қайта жан бітірумен бірдей десек болады. Ұлт көсемі Міржақып Дулатовтың туғанына биыл 140 жыл толады. Өз басын қаншама қатерге байлап, қиын қыспақты көре жүріп, елінің болашағын ойлаған алаш ардақтысы, Міржақып Дулатовтың мерейтойының алдында жасалып жатырған осы іс-шаралардың барлығы, әлі де болса, кейінгі ұрпаққа шарапатын тигізіп жатырғандай.

Елдің мұқтажын әрдайым, биік мінберлерден айтып, ел мүддесін билікке жеткізетін, сол үшін өзінің білімін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, елдің сөзін сөйлейтін азаматтарымыз жеткілікті.

Ал енді осы Орталық пен Батыс автокөлік жолының, осы жол бойында орналасқан елді  мекендерге тигізетін пайдасын ойлап қарасақ, бұл әсіресе, шалғайда орналасқан Аманкелді, Жанкелдин аудан тұрғындары үшін, әлеуметтік-экономикалық өсудің жолдары.

Бұл жолдың бойынан қаншама тамақтандыру кәсіп орыны, қонақ үйлер, техника жөндеу станциялары, жол жөндеу мекемелері, қажетті автобөлшек сататын сауда орындары орналасады.

Республикалық автожол болған соң, бұл жолдың күтіп – баптап ұстауына байланысты бірнеше жұмыс орындары ашылады. Қаншама сол жердің тұрғылықты халқы өз кәсіптерін ашып, мемлекетке салық төлейді, жұмыссыздық шегеріледі.

Бұрындары соңғы түйін болып шектелетін. Торғай халқы, батыста орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысында орналасқан елді мекендермен қарым-қатынас жақсара түседі.

Торғай елі негізінен мал шаруашылығымен айналысатын болған соң төрт түлік малдың өнімдері, жақсы бағаға жан-жаққа тікелей өткізу мүмкіндіктері пайда болады. Бұрындары шалғайда орналасқан Торғай елінің ауыл аймақта орналасқан малдарын, мал өнімдерін сырт жақтан келген делдалдар арзан бағамен алатыны шындық.

Торғай даласының кең байтақ жерінде емдік қасиеті бар шөптің сан – алуан түрі өседі. Осындай құнарлы жерде өскен шөппен, таза сумен қоретенетін төрт түлік мал өнімдерінің табиғи таза ет, сүт өнімдеріне деген қазір сұраныс көп, сол себептіде еңбек істеп, мал шаруашылығымен айналысқан еңбек адамдарының болашақта жағдайы жақсаратыны айқын.
Осы жылғы Наурыз айы Торғай елі үшін, жан-жақты қуанышқа толы болды.

Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Арқалық қаласын дамытуға байланысты бірнеше іс-шараларға мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін жеткізді. Қызмет атқарған осы уақыт аралығында Торғай өңіріне ерекше көңіл бөлуі, әр жасаған іс-сапарларынан айрықша аңғарылады. Болашақта Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының, университет болып ашылғаны, бұл жердегі жоғары оқу орынның жан-жақты көп салалы маман иелерін дайындап, өзінің мүмкіндігін кеңейту біздің Торғай елі үшін тағы да бір қуанышты жаңалық.

Арқалық қаласындағы 500 орындық мешіт асханасының қасиетті ораза айының алдында ашылуы, бұл мешіт асханасы халықтың жағдайына қолайлы бағада қызмет көрсетуі, жас ұрпақты тәрбиелеу үшін, берілетін астарда жақсы үлгілі сөз айтылып, ысырапшылдыққа жол бермей, мұқтаж халықтың жағдайына қызмет жасайтыны да жақсы жаңалықтың бірі.

Торғай елі өсу үшін, біздің бұрынғы облыс орталығы Арқалық қаласының өсіп – өркендеуі жақын жерде орналасқан. Амангелді, Жангельдин аудандарының дамуынада ықпал етеді. Көкше жерінде өткен ІV – Ұлттық құрылтайда көтерілген барлық іс-шаралар, болашағымыздың дамуы үшін атқарылатын бағдарламалар.

Президентіміз Ұлт болашағына қатты назар аударған тағы бір мәселе, еліміздегі лудомания, наркоманияның қасіретін жоюдағы іс-шаралар. Қазіргі заманның жақсы жақтары әлеуметтік желінің жылдам дамуы, біздегі банк жүйесінің соның ішінде Каспий банктің қызметтері, әлемнің дамыған көптеген мемлекеттерінің де қызығушылығын тудыруда.

Қазіргі бала тәрбиесі, әсіресе қалаларда қиындап бара жатқандай. Ата-анасы таңертеңнен кешке дейін жұмыста, ал бала үйде. Ауыл баласының, қаламен салыстырғанда бос уақыты бола қоймайды. Үй тіршілігінің көбісін ауылда оқушы балалар жасайды.

Ал қалада егер ол баланы спортқа, музыкаға тағы басқа секцияларға бермесең, күнделікті ұялы телефонға қарап, уақытының көбін телефонмен өткізеді. Телефонда қажетті, қажетсіз дүниелердің көптігі сондай, жеңіл ақша табудың бірнеше жолдарын көрсетеді. Ауыл жастарының мектеп бітірген соң, қалаға оқуға барып,қала өміріне қаражаттың көбірек жұмсалатынына қиналған кезде, тезірек пайда табамын деп, әртүрлі ойындарға кіріп кетуі өте өкінішті, соңы түрлі ойындарға кірген жастар, сол отбасының қасіретіне айналады.

Лудомания мен наркомания егіз ұғымдар сияқты. Осы қасіретті болдырмау үшін, мемлекеттен бастап, әр ата-ана, мұғалімдер алдын-алу жұмыстарын жасау керектігі айқын.

Мектептегі әр пәннің мұғалімдері оқушылар арасындағы әртүрлі спорт ойындарынан басқа да іс- шараларды көбірек өткізіп, мектептегі жоғары сынып оқушыларын, бұрынғы кезеңдегідей Тимуровшылар командасын құрып, еңбекке тәрбиелесе теріс болмас еді.

10-11 сынып оқушылары 16-17 жастағы нағыз күш жігерлері мол оқушылар өзі тұратын көшелерді, мектеп аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, еліміздің “Таза Қазақстан” акциясына үлестерін қосса деген ой туады.

Әлемде дамыған футбол ойынын әр оқушы қызығып дайындалса, оларға бүгінгі таңда көптеген жағдайлар жасалуда. Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың әр айтқан сөзі көңілге қонарлық.

Электр энергиясының тапшылығын болдырмас үшін АЭС-тің салынуы болашаққа өте қажет дүние. Қазір электр энергиясына барлық қажеттілік байланып тұр, тіпті автомобильдердің де көбісі қазірде электр қуатымен жүреді.
Барлық келтірген дәлелді, дәйекті сөздерді өзіміздің болашағымызға қолданатын болсақ, әр қазақстандық жақсылыққа деген жолымыздың ашылуы.
Шындық – шырылдатады. Ал түбінде шындықты бағалап, одан дұрыс қорытынды шығарсақ, әр адам бақытты болуға тиіс. Соңғы өткен Ұлттық құрылтайдағы біздің Торғай елі үшін жасаған іс- шараларына, қуанбаған халық жоқ. Барлығы бір-бірінен сүйінші сұрап, мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевқа, деген шексіз алғысын білдіруде. Алайда мемлекет тарапынан жасалынатын игі істерге, халықтың қолдауы да жан-жақты болуы шарт. Ол үшін табиғаттың қазақ елі үшін берген,мол байлығын,тек қазба кен орындарының үлесінен үміттенбей,әр ауылда тұратын азамат мал шаруашылығымен айналысып,аулаларында отбасына қажетті бау- бақша өнімдерін өсіріп, қала тұрғындары саяжайларда еңбек етіп, тұрмыс-тіршілігін молынан жақсартуға болады.

Қазіргі таңда көптеген елді-мекенде ауыз су тәулік бойы пайдалануға беріліп тұр.

Осындай мүмкіндіктерді пайдаланып,әр отбасы әл- ауқатын жақсартса, балаларға жеткілікті рухани тәрбиені бірінші құндылыққа қоятын болса, жанұялардың ажырасуын мүлде азайтса, мемлекеттік тілімізге деген құрмет зор беделге ие болып, Қадыр Мырзалиев ақынымыз айтқандай:

“Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!” – деп, қазақ тілінің мәртебесі биіктей түссе.

Әр қазақстан азаматы жаңалықтың, жақсылықтың барлығын өз бойына жинап, тәуелсіз мемлекетіміз үшін,әркім өз үлесін жан- жақты қосса, деген үлкен үміт алдымызда тұр.

Қазір де басқа мемлекеттермен салыстырмалы түрде, біздің еліміздің әл- ауқаты, мүмкіндігі көп ілгері екені анық байқалады. Болашағымыздың жарқын болып,тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін әр азамат өз үлесін қосуы қажет.

Нұрлыбек Әлмағамбетов,

Аманкелді аудандық мәслихатының төрағасы

Жаңалықтармен бөлісу