Қостанайда боччадан жарыс өтті

Қостанайда боччадан жарыс өтті

Қостанайдағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде  «Қазақстан Арнайы олимпиадасы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы бочча спорт түрінен жарыс ұйымдастырады. Оған облыстың 7 мекемесінен даму  ерекшеліктері бар 45 спортшы қатысты.

«Жарыстың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бочча ойынын насихаттау. Спортшыларды іріктеу барысында  мүгедектердің жаңа мүмкіндіктерін ашып, пара-спортшылар санын көбейтуге септігі мол», – дейді жарыстың бас төрешісі Валентина Исмурзина.

Демек, бұл спорт  мүгедектігі бар  спортшыларды жаңадан қатарға қосып,  оларды әлеуметтік ортада қалыптастырады.  Оларға деген қоғамның көзқарасын өзгертуге ықпал етпек.

blank

Барлық қатысушылар жас ерекшеліктері мен деңгейлері  бойынша командаларға бөлінді. Ойындар дөңгелек ұпай жүйесі бойынша 4 кортта өтті.

blank

Нәтижесінде жасөспірімдер санатында «Тең мүмкіндіктер әлем» қорының секциясымен айналысатын  құрама  жеңіске жетті. Қатарында Евгений Жаңабергенов, Максим Козлов, Илья Третьяк атты ойыншылары бар.

Ересектер санатында бірінші орынды Мүгедектер спорт клубының командасы иеленді. Ол командада Юрий Химичук, Ольга Понамаренко, Александр Южиков өнер көрсетеді.

ВС-5 (а)-ВС-:6, ВС-8, Вс-9 санаттарында бірінші орынды мүгедектер ҚБ командасы иеленді.

ВС-1, ВС-2, ВС-5 (б) санатында да 1 орынды Мүгедектер спорт клубының командасы алды.

blank blank blank

Турнирдің жабылуында бұл іс-шараға демекшілік жасаған «ССКӨБ» АҚ әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Станислав Кнопс  қатысушыларға алғыс білдіріп, ERG компаниясынан естелік сыйлықтар табыстады.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының спартакиадасына қатысу үшін облыс құрамасы құрылады.

Айбек ЖҮЗБАЙ