Қостанайда Алғыс айту күніне арналған кеш өтті
Басты жаңалықтар, Мереке

Қостанайда Алғыс айту күніне арналған кеш өтті

Бүгін қостанайлықтар Алғыс айту күнін ерекше қошеметпен қарсы алды. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мен әртүрлі сала басшыларының басқасуында жиналған қауымды облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали мерекелерімен құттықтады.

Толығырақ
Елімізде қауіпті дерттің алдын алу қалай жүзеге аспақ?
Денсаулық, Қостанай ақпарат

Елімізде қауіпті дерттің алдын алу қалай жүзеге аспақ?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша елімізде 11 жасар 175 мың қыз балаларды адам папилломавирусына қарсы вакциналау жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық  Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаметі басшысының орынбасары Гүлім Досымова айтып берді.

Толығырақ
“Қазақстан халқына” қоры Б.Майлин атындағы мектепке 250 млн теңге бөлді
Білім, Басты жаңалықтар

“Қазақстан халқына” қоры Б.Майлин атындағы мектепке 250 млн теңге бөлді

Рудный қаласындағы Б. Майлин атындағы жаңартылған мектеп-гимназияның ресми тұсаукесері өтті. «Қазақстан халқына» қоры білім ошағының материалдық-техникалық базасын толығымен жаңартуға 250 миллион теңге бөлді. Бұл қомақты қаражатқа 41 кабинет бастан-аяқ жабдықталып, жаңа арнаулы бөлмелер ашылып отыр.

Толығырақ
Қазақстандық скрипкашы халықаралық байқауда екінші орын иеленді
Мәдениет

Қазақстандық скрипкашы халықаралық байқауда екінші орын иеленді

Германияда Guadanini Foundation 2-ші Штутгарт халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Музыкалық беделді бәйгеде Қазақстан атынан скрипкашы Руслан Талас өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды.

Толығырақ
Эльбрус ТИМАЕВ:  «БАУЫРЛАС ХАЛЫҚТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІМІЗ»
Басты жаңалықтар, Сұхбат

Эльбрус ТИМАЕВ: «БАУЫРЛАС ХАЛЫҚТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІМІЗ»

Шешен-ингуш жұртының қазақ халқына деген пейілі ерекше. Сонау қиын кезеңдерде талай ұлтты бауырына басқан ел үшін ет жүрегі езіліп тұратынын көріп-біліп жүрміз. Қостанайдағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльбрус Тимаевпен әңгімелескен адам оның да сондай адал көңілді азамат екенін оңай аңғарары анық.

Толығырақ
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Байқаулар, Мың алғыс саған

Анам менің – аялаған ақ гүлім

Мен үшін ең қымбат, асыл да алтын жақыным – анашым! Дүниедегі жұмақ нәрсе – анамыздың аяулы алақаны, дүниедегі ең тәтті нәрсе – анамыздың ақ сүті. Әрбір жанның кішкентай ғана жүрегін елжірететін, санасына сансыз ойлар ұялататын, көздеріне күн нұрындай сәуле төгіп, езуіне жиылмас күлкі сыйлайтын «Ана» сөзінің мағынасы зор.

Толығырақ
Ана – жалғыз ғана
Байқаулар, Мың алғыс саған

Ана – жалғыз ғана

Ауылынан жырақтығы, жақындарынан алыста, жанындағы адамдар жат көрініп, адаптацияның аяғына жете алмай жүрген студенттің жазары көп көрінгенімен, Телеграм-арнама ” быламық” жазып тұратыным болмаса, парақ пен қаламға ойым мен сезімімді айтпағалы көп болыпты.

Толығырақ
Білім мен білік үйлескен оқу орны
Басты жаңалықтар, Тобыл-Торғай тынысы

Білім мен білік үйлескен оқу орны

Қазіргі мамандықтардың ішінде көлік жөндеу және құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері, электр-газбен дәнекерлеуші жалпы алғанда кәсіптік білім иелеріне сұраныс артып келеді. Ал бұл мамандықтардың бәрін кеншілер қаласындағы Рудный құрылыс және көлік колледжінде оқытады.      

Толығырақ