Қостанайда Алғыс айту күніне арналған кеш өтті

Қостанайда Алғыс айту күніне арналған кеш өтті

Бүгін қостанайлықтар Алғыс айту күнін ерекше қошеметпен қарсы алды. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мен әртүрлі сала басшыларының басқасуында жиналған қауымды облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали мерекелерімен құттықтады.

«Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні қалай келгенін өздеріңіз білесіздер. Бұл шешім Қазақстан халқының ассамблеясының құрылу күнімен тұспа-тұс қабылданды. Бір тудың астында тіршілік етіп келе жатқан барша еліміз біріне-бірі алғыс айтып жүрсін деген идеядан пайда болды», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.

Осы өңірде жиырма бес жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Эргешвой Холметов те бұл идеяның жүзеге асқанына дән риза.

blank

blank

«Ата-бабамыз осы елде әуелден қоныс еткен. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында Бостандық деген аудан болды. 1954 жылдары сол жерде ата-анамыз тату-тәтті ғұмыр кешіп,  ол жақ Өзбекстанға өтіп кетті. Кейін Сарығаштың маңайын мекен еттік. Өзім Қостанай жеріне келгеніме жиырма бес жылдан асты. Балаларым да, немерелерім де қазақша сөйлейді. Қазақ халқына алғысым шексіз», – дейді Эргешвой Холметов.

blank

Жиын осылайша, еркін диалог-сұқбат форматында өтті. Өзара алғыстарын жаудырды.

blank

Кеште жүрегі кең, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар, әр түрлі саладағы кәсіпқой спикерлер мен жүргізушілер арасындағы сұхбат қызыққа толы болды.

blank blank

Мәселен, 20 жылдан астам уақыт бойы қан тапсырып, адамдарға өз көмегін көрсетіп келе жатқан донорға, ұзақ уақыт бойы жұма сайын нан таратып жүрген отбасына және басқа да жылы жүректі жандарға құрмет көрсетілді.

blank blank blank blank blank blank

Сондай-ақ, іс-шара аясында өңіріміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына зор үлес қосқан адамдар қоғамдық наградалармен марапатталды.

blank blank blank blank

blank

blank

Өңіріміздің өнерпаздары мың бұрала би билеп, ән-жырдан шашу шашты.

blank blank blank

blank

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Әсел ҚИБАШ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев