Қостанай облысында сұйытылған газдың жетіспеуіне бірнеше фактор ықпал етті. Жағдайды әкімдіктің энергетика мен Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Ерболатұлы Бекмұхамедов қызметінен босатылды
Облыс әкімінің ағымдағы жылғы 31 шілдедегі өкімімен Ғазиз Ерболатұлы Бекмұхамедов Қамысты ауданының әкімі қызметінен өкілеттік мерзімінің өтуіне және берілген өтінішке байланысты босатылды. Бекмұхамедов Ғ. Е. осы лауазымда 2017 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеді.
Жаңа қаулы күшіне енді: Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді
Жаңа тізімде 19 мереке бар:
АПАТ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ?
Облыста жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Бұған көлікке мас күйінде отырып, рөлді тізгіндегендер де әсерін тигізбей отырған жоқ. Мәселен, жыл басынан бері көлікті мас күйінде айдаған 707 жүргізуші ұсталып, оның 257-сі көлік жүргізу құқығынан айрылып, 310-ы қамауға алынған.
№8. Салтанат Қуанышбекова
“Иықтан шашы төгіліп жерге” фотобайқауының келесі қатысушысымен таныс болыңыздар. Салтанат Қанатқызы Қуанышбекова бұрымдылар сынына Әулиекөл ауданы Лаврентьев ауылынан қатысып отыр. Жасы 24-те. Ол аталған елді мекенде бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі маманы болып қызмет етеді. Үміткерге сәттілік тілейміз!
Қазақстанда қырқүйек айынан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың медициналық қызметкерлерінің жалақысы артады. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың лауазымдық еңбекақысына түзету коэффициенттері көтеріледі деп хабарлады stan.kz.
№7. Қымбат Базар
Бұрымдылар байқауына Қымбат Мейрамбекқызы Базар есімді үміткер қатысып отыр. Ол Жангелдин ауданында дүниеге келген. Жасы 29-да. Қазір Қостанай қаласында тұрады. Қымбат 1 баланың анасы. Ол қолөнер түрлерімен айналысқанды жақсы көреді.
«Мирас» мәдениет үйінде өтетін тікелей эфир
Қостанай қаласының әкімдігі “Тобыл” футбол клубымен бірлесіп, «Мирас» мәдениет үйінде (Маяковский көшесі, 119) «Тобыл» – «Базель» конференциялар лигасының екінші раундының жауап матчын көрсетуді ұйымдастырады.
Жылан шаққан баланың денсаулығы жақсы
Осыдан бірнеше күн бұрын отбасымен табиғат аясына демалуға шыққан 13 жастағы жасөспірімді жылан шағып алған еді. Сол сәтте ата-анасы қыздың жарасын таңып, дәрі бергенімен, баланың денсаулығы нашарлап, облыстық ауруханасының жарақат бөліміне жүгінген. Жылан баланың оң қолының саусағынан шаққан. Ол жерде некроз пайда болып, қолы мен оң жақ кеуде тұсы толық ісініп кеткен. Осыған байланысты шынтағын […]
16 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
Бірінші жартыжылдықта мобильді топтарға өңір кәсіпкерлерінен 190 хабарлама келіп түсті. Прокурорлар 38 ұсыныс, 304 наразылық және 11 қаулы енгізді, нәтижесінде 16 616 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.