16 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

16 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Бірінші жартыжылдықта мобильді топтарға өңір кәсіпкерлерінен 190 хабарлама келіп түсті. Прокурорлар 38 ұсыныс, 304 наразылық және 11 қаулы енгізді, нәтижесінде 16 616 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.

Прокурорлардың наразылықтары бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының «қоғамдық бақылау – Чекті талап ет» жобасын (Wipon қосымшасы) іске асыруына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 65 заңсыз қаулының күші жойылды.

Салық заңнамасы саласында Алтынсарин ауданының прокуроры 3 кәсіпкердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдердің күшін жойды. Басқа жағдайда, Бейімбет Майлин атындағы аудан мен Федоров ауданының прокурорлары салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын негізсіз тоқтата тұру фактілерін анықтады.

Шұға Қоңқабай

Жаңалықтармен бөлісу