Жылан шаққан баланың денсаулығы жақсы

Жылан шаққан баланың денсаулығы жақсы

Осыдан бірнеше күн бұрын отбасымен табиғат аясына демалуға шыққан 13 жастағы жасөспірімді жылан шағып алған еді. Сол сәтте ата-анасы қыздың жарасын таңып, дәрі бергенімен, баланың денсаулығы нашарлап, облыстық ауруханасының жарақат бөліміне жүгінген. Жылан баланың оң қолының саусағынан шаққан. Ол жерде некроз пайда болып, қолы мен оң жақ кеуде тұсы толық ісініп кеткен. Осыған байланысты шынтағын бүге алмай қалған.

Қазір баланың жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен шықты. Дәрігерлер дер уақытында жыланның уына қарсы сарысу, гангренаға қарсы сарысу егіп, бактерияға қарсы және уыттылыққа қарсы терапия жүргізген.

            –Жалпы табиғат аясына шыққанда абай болған жөн. Бізге бір жылда 1-2 жылан  шағу жағдайлары тіркеліп тұрады. Бірақ бұл биылғы жылы болған алғашқы жағдай. Балаға ұзын жең, денесін жауып тұратын киім кигізген дұрыс. Жылан ғана емес, өзге де түрлі жәндіктер бар. Сондықтан баланы қараусыз қалдырмай, аман жүріңіздер, – дейді облыстық балалар аурухана бас дәрігерінің орынбасары Динара Серік.

Айтолқын Айқадамова

Жаңалықтармен бөлісу