Қостанайда дүниеге келген бала жоғары температурадан кейін ДЦП диагнозын алды

Қостанайда дүниеге келген бала жоғары температурадан кейін ДЦП диагнозын алды

Қостанайлық Ян Шин дәрігерлер отбасында дені сау бала болып дүниеге келген. Бірақ жоғары температураға байланысты бес айда даму үрдісінің  кері кетуі орын алды.  Бала біртіндеп өз бетінше аунауды  тоқтатты,  бір сөзбен айтқанда қимылсыз қалды. Нәтижесінде оған церебральды сал ауруы, орташа ауырлықтағы спастикалық диплегия диагнозы қойылаған.

“Алты айдан бері  біз ұлымызды оңалтумен үнемі айналысып келеміз. Қазақстан мен Ресейдің оңалту орталықтарында болдық. Астана, Алматыдағы оңалту орталықтарынан  өттік.  Рудныйдағы “Қамқорлық” оңалту орталығында оңалту жүргізілді. Сондай-ақ, Челябинскіде  үш оңалту курсынан өтіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Янның қолдары мен аяқтарында қауіп азайды, ол белсенді бола бастады, төрт аяғымен жорғалауды, тірекке тұруды үйренді, тірек-қимыл аппаратының күйінде оң өзгерістер болды”, – дейді баланың анасы Рита Бахтин-Шин.

“Әрі қарай емдеу және оңалту үшін Янға “селективті доральды ризотомия”операциясы қажет. Бұл операцияны баланың тірек-қимыл аппаратында айтарлықтай өзгерістер болғанға дейін төрт жылға дейін жасау ұсынылады” дейді бұл туралы NUR.KZ.

Жаңалықтармен бөлісу