Қостанай облысында сұйытылған газ тапшы

Қостанай облысында сұйытылған газ тапшы

Қостанай облысында сұйытылған газдың жетіспеуіне бірнеше фактор ықпал етті. Жағдайды әкімдіктің энергетика мен Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін газ желілері ұйымы 2310 тонна газ сатып алмаған. Оған себеп – зауыттың алыстығына және газ желісі ұйымдарының қаржылық қиындықтарына байланысты төмен рентабельділік. Бұл жағдай резервтегі қалдыққа айтарлықтай ықпал етті, сұйытылған газ жинақталмай беріліп жатыр», – деп түсіндірді ведомстводан.

Сондай-ақ, сұйытылған газ тапшылығына цистерналарды теміржол көлігімен ұзақ уақыт жеткізу және жазғы кезеңде, оның ішінде «Қарталы-Рудный» магистральдық газ құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұтынудың артуы ықпал етіп жатыр.

«Жергілікті атқарушы органдар шілдеде 504 көлемінде, тамызға 1000 тонна газ көлемінде қосымша бөліп, шаралар қолданып жатыр», – деді Энергетика және ТКШ басқармасынан.

Бұған дейін әкімдік Қостанай облысындағы АИ-95 бензиніне қатысты жағдайды түсіндірген болатын.

Жаңалықтармен бөлісу