Терезе аштың ба, балаңды байқа!

Терезе аштың ба, балаңды байқа!

Қостанайда балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті. Өткенде бір күнде  екі бірдей оқиға тіркелді. Бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Баланың бассүйегі сынып, миы зақымданған. Сол күні тағы екі жасар бала Орал көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатының терезесінен құлап кеткенін айтып жатыр. Қазір балалар жазылып үйлеріне шықты.

Қостанай облыстық ТЖД алдын алу бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ескендір Кубаевтың айтуынша, балалардың терезеден құлап кету жағдайларының жартысына жуығы москит торының ауыр жүктемелерге арналмағандығынан болып отыр. Қостанай облысы бойынша былтыр балалардың терезеден құлауының 7 оқиғасы тіркелген. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санында.

Жаңалықтармен бөлісу