Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті

Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті

Бұл туралы ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен хабарлады.

 1 тамызда сағат 21:50 шамасында «САЛАМАТ компаниясы» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстардың (екі астық қоймасының) құлауы орын алғаны хабарланды.

«Болжамды себеп – найзағай. Бұл жағдай апат ретінде жіктеледі. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін Департаментпен апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылады.

Жаңалықтармен бөлісу