Жат ағымнан сақтандырудың жолы қандай? Фото: kazislam.kz

Жат ағымнан сақтандырудың жолы қандай?

Облыстық дін істері басқармасы діни тұрақтылықты нығайту және деструктивті ағымдардың алдын алу бойынша жұмысын үш басым бағытта жүргізеді.

Бастысы, діни сауаттылықты арттыру. Тұрғындарға діни терминдер, дәстүрлі құндылықтар мен радикалды идеялардың белгілері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл бағытта мектептерде, колледждерде, еңбек ұжымдарында ақпараттық кездесулер жиі өткізіледі. Екінші, БАҚ және әлеуметтік желілермен жұмыс. Газет-журналдар, телеарна, радио және ресми парақшалар арқылы қоғамға сенімді ақпарат таратылады. Мамандар жалған діни контенттің қауіптілігі жөнінде тұрақты ескерту жасап келеді.

Дінге жаңадан бет бұрған немесе күмәнді ағымдарға еріп кеткен азаматтарды дәстүрлі ислам мен зайырлы қоғам құндылықтарына бейімдеу үшін кеңес беру, психологиялық қолдау жұмыстары жүргізіледі.

«Жат идеологиялардың таралуы – діни сауатсыздықтың салдары. Біздің міндет азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, ал радикалды ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі», – дейді облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Сапарғали Әбдиев.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ