Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы өңірдегі діни ахуалға
мониторинг жүргізу барысында мүдделі органдармен бірлесіп, дін саласындағы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.
Осылайша, Арқалық қаласында орналасқан және бұрын сот шешімімен таратылған қайырымдылық ұйымына тиесілі жеке қайырымдылық мекемесінің үй-жайында
«Ж» есімді Алматы қаласының тұрғыны Арқалық қаласының кәмелетке толмағандары мен ЖОО-ның студенттерінің қатысуымен діни сабақтар мен діни рәсімдер өткізген.
Діни оқыту діни бірлестік мәртебесі жоқ және діни қызметке арналмаған
қайырымдылық ұйымының үй-жайында дінтану сараптамасының оң қорытындысынсыз
діни әдебиеттерді пайдалана отырып жүргізілген.
«2025 жылы сот шешімімен бұл қайырымдылық ұйымын таратылған.
Діни қызмет туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша сот қайырымдылық
мекемесінің тәрбиешісі » Ж» ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық
бұзушылықтар жасағаны үшін (миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге
асыру, сол сияқты миссионерлердің діни әдебиеттерді дінтану сараптамасының оң
қорытындысынсыз пайдалануы) кінәлі деп таныды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
