1 сәуірінде Қостанай NIS-те білім берудегі жаңа технологиялар бойынша «Research. Education. Development» облыстық конференция өтті. Ауқымды іс-шара облыстың 350-ден астам ұстаздарының басын қосты.
Конференция сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі тәжірибе бойынша зерттеулер жүргізетін мұғалімдер, білім беруді цифрландыру саласындағы инновациялық стратегиялар бойынша мұғалімдер мен топ-менеджерлер арасында кәсіби диалогті кеңейту, пікір және тәжірибе алмасу алаңына айналды.Жиын пленарлық отырыстан басталды, онда шақырылған қонақтар – EdCrunch жаңа білім беру технологиялары бойынша жаһандық конференцияның негізін қалаушы және бағдарламалық директоры, НИТУ «МИСИС» даму директоры Нұрлан Қиясов; облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев; облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты директоры Рамазан Раисовсөз сөйледі.
“Бүгінгі таңда білім саласы цифрландырудың үлкен мәселесімен бетпе-бет келіп тұр. Жаңа технологиялар көптеген салаларды өзгертуде, бұл үрдіс білім саласына да жетті. Оқытудың бұрынғы әдістерінің өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Біздің міндетіміз – педагогикадағы жаңа цифрлық технологияларды насихаттау. Қазақстанның білім беру жүйесіне жаңа цифрлық технологиялардың енгізілуі, атап айтқандамұғалімдеріміздің мектептерде тәжірибеге енгізуі маңызды”, – дейді EdCrunch жаңа білім беру технологиялары бойынша жаһандық конференцияның негізін қалаушы және бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясов.
Облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиевтің айтуынша, өңірдегі цифрландыру облыстағы қызметтің барлық дерлік саласына әсер етеді.
“Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру барлық салада толықтай жүргізілді. Цифрландыру экономикалық нәтижеге қол жеткізу және бәсекеге қабілеттілікті арттырумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын, оның ішінде білім беруді жақсартуға бағытталған әлеуметтік салаларға оң әсерін тигізуде”, – дейді басқарма басшысы.
Мектеп холында пән мұғалімдерінің тәжірибеде пайдаланатын цифрлық ресурстар панорамасы ұйымдастырылды. Мұғалімдердің көрсеткен панорамасы қашықтан оқыту нәтижесінде жинақталған, енді ол офлайн сабақтарда біріктірілген.Секциялық отырыстарда қатысушыларды «Ақпараттық қоғамды дамыту контекстіндегі функционалдық сауаттылық», «Заманауи сабақтың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде саралау», «Қалыптастырушы бағалаудың құралдары мен стратегиялары», «Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру: стратегиялар мен инновациялар» тақырыптарындағы зерттеу нәтижелерімен таныстырып, үздік спикерлер анықталды.
“Бүгін білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған өте қызықты ғылыми-технологиялық конференция өтті. Секциялық отырыста жаратылыстану-география сабағында функционалдық сауаттылықты дамытуды қалыптастыру тақырыбына тоқталдым. Бүгінгі таңда еліміздің қоғамына сыни тұрғыдан ойлайтын, қоршаған ортаға бейімделе алатын мобильді белсенді тұлға қажет”, – деп пікірімен бөлісті Тобыл қаласының №2 орта мектебінің география пәні мұғалімі Марина Пращур.
“Бұл конференция мұғалімдерге өздерінің педагогикалық тәжірибесін зерттеуге, тәжірибені жетілдіруге бағытталған ұстаздар қауымына тәжірибе беруге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мұғалім мамандығын саралап, жетілдіруге мүмкіндік беретін «Инфографика әмбебап дизайн» тақырыбы бойынша сабақтың зерттеуін ұсындым. Бұл зерттеугетарих мұғалімдерінің біліктілігін арттыру орталығы бастамашы болды. Осы жұмысыммен ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Астана қаласында өтетін «Lesson Study» тақырыбындағы бірінші республикалық конференцияға қатысуды жоспарлап отырмын”, – деп, Рудный қаласының №5 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мирас Испамбетов өз жоспарларын ортаға салды.
Конференцияның қорытынды бөлімінде Қостанай NIS қабырғасындағы «Көшбасшылық мектеп» тағылымдамасынан өткен мектеп директорлары «Жасанды интеллекті алмастырылмайтын (болмайтын) мамандық» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа қатысты.
“Алған ақпаратым көп, барлығы да жақсы әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар білім берудің жаңа технологияларымен, жаңа трендтермен және облыс мұғалімдерінің тәжірибесімен танысуға бірегей мүмкіндік берді. Әріптестеріммен тәжірибе алмасуға арналған өнімді тректер мен алаңдар, сандық ресурстар панорамасы, көптеген жағымды эмоцияларға толы конференцияның ең қолайлы форматы. Мұның бәрі одан әрі даму үшін қажет”, – деп әсерін жасырмады Қарабалық ауданы Тоғызақ орта мектебінің директоры Татьяна Леванова