Жастар сарайы ғимаратында орналасқан №857 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр. Таңғы сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 211 адам дауыс беріп үлгерді.
Учаскеде барлығы 2296 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 4 азаматтың туған күні бүгінге сәйкес келсе, 7 сайлаушы алғаш рет дауыс беруде.

Учаскелік комиссия төрағасы Бағдат Оспановның айтуынша, дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда, заң талаптарына сай өтіп жатыр.
«Таңертеңнен бастап тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасауда. Барлық қажетті жағдай жасалған, учаске өз жұмысын штаттық режимде жүргізіп жатыр», – деді ол.

Сонымен қатар ғимараттың кіреберісінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Педагогика және психология факультетінің екінші курс студенттері Еуразиялық интеграция институтының тапсырысы бойынша анонимді сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнама сайлаушылардың пікірін зерттеуге бағытталған.

