«Жас Сарбаз» балы: Патриоттық рухтың жарқын мерекесі

«Жас Сарбаз» балы: Патриоттық рухтың жарқын мерекесі

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Жас Сарбаз» балы бұл жолы Жастар сарайында ауқымды түрде өтті. Биылғы бал да бұрынғы жылдардағыдай көптеген жастардың санасында патриоттық сезімін оятып, жұдырықтай жүректерінде ерекше із қалдырды.

Іс-шараның негізгі көздегені – жас ұрпақты ерлікке, көркемдікке, Отанға деген адалдыққа тәрбиелеу.

Аталмыш балдың негізгі ұйымдастырушылары қаладағы №28 мектеп-гимназиясы. Балдың жақсы өтуіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ұжымы және 99260 әскери бөлімінің оиферлік құрамы атсалысқан.

 “Шекара қызметінің және 99260 әскери бөлімінің қызметкерлері мектебіміздің жас мамандарымен бірге өнер көрсетті. Жалпы алғанда балға 1-11 сынып аралығындағы барлық Жас сарбаздар қатысты. Сондай-ақ, адагерлер арнайы шақырылды. Ол өз сөздерінде жастардың Отан алдындағы міндеттеріне, еліміздің болашағы үшін жауапкершілікке тоқталды. Сондай-ақ, «Жас Сарбаздың» осы бағытта атқаратын рөлін жоғары бағалады”, – дейді №28 мектеп-гимназиясының директоры Жансая Исмайлова.

Меркелік іс-шарада, кішкентай бүлдіршіндердің тәтті қылықтары, ерекше билері зор қошеметке ие болды.

Бұл іс-шара жастардың бойындағы ерлік, батырлық, адалдық секілді қасиеттерді одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз. Бал соңын мектептің жас әншілері патриоттық әндер орындап қорытындылады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу