8 наурыз қарсаңында ол OLX сайтында Ақтөбеден қызғалдақтарды 1 данасы үшін 200 теңге бағамен көтерме сату туралы хабарландыруды көрген.
Бағасы оны қызықтырып, ол көрсетілген нөмірге 600 мың теңге аударып жіберген. Кейінірек гүлдер дүкені жоқ екені белгілі болды, ақшаны алған адам телефонға жауап бермеген.
Қазір полиция алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қостанай облысының ПД интернетте сақ болу қажеттігін еске салады. Алдын ала төлемді аудармас бұрын тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз.