Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде салалық кеңестің отырысы өтті

Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде салалық кеңестің отырысы өтті

Қостанайлық диірменшілер бидай бағасының белгіленген ең төменгі деңгейі бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі салалық кеңесінде Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі бекіткен қатты және өзге де бидайға (СЭҚ ТН 1001 19 000 0 және СЭҚ ТН 1001 99 000 0) бағалардың ең төменгі деңгейін қайта қарау мәселесі қаралды.

Іс-шараға ҚР сауда және интеграция министрлігінің, Қостанай облысы бойынша МКД, облыстың Ұлттық статистика және қайта өңдеу кәсіпорындары бюросының өкілдері қатысты.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне қатты және өзге де бидай енгізілді. Сауда және интеграция министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бидайдың ең төменгі бағасы келісіне 86,4 және 84,4 теңге болатын.

Осы ретте қайта өңдеушілерде сұрақтар туындады, өйткені бұл бағалар сұрыптарға бөлінбейді және 5-сұрыптағы астықтан едәуір жоғары. Нәтижесінде ЕАЭО елдерінен бидай импорты кезінде кәсіпкерлер сатып алу құнынан асатын бағадан ҚҚС төлеуге мәжбүр. Осыған байланысты кәсіпкерлер палатасының алаңында “Атамекен” ҰКП мен тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды. Яғни, үш ұсыныс жоданбақ. Ол, статистикалық нысандардың есептілігі өзгергенге және жаңа Салық кодексі енгізілгенге дейін ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысының қолданысын тоқтату жөнінде, формулада өндірілген және әкелінген өнім саны туралы деректердің жоқтығын ескере отырып, бағалардың ең төменгі деңгейін есептеуді түзету және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік корпорациясы жүргізетін бидай бағасының мониторингін ескеру. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаевтің айтуынша, жағдайды оңтайландыру үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстар әзірлеу қажет.

Сералы МЫРЗАБАЙ,

Суретті ұсынған “Атамекен” ҰКП баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу