Мектеп оқушысы ел мерейін асқақтатты

Мектеп оқушысы ел мерейін асқақтатты

Жуырда Жанкелдин аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Ыбырай атамыздың  шығармалары мен өлеңдерін насихаттау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын анықтау үшін «Ыбырай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Оған Шұбалаң негізгі мектебінің 3 сынып оқушысы Раяна Оралқызы Шұбалаң негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы Айзере Ерікқызымен қатысып, білімдерін  сарапқа салды. Нәтижесінде, ол жүлделі 2 орынды иеленді.

«Мен бұл білімділер байқауына біраз уақыт дайындалдым. Ыбырай атамыздың шығармаларын оқып, іздендім. Сынып жетекшім Мейрамкүл Қонысбайқызы және Шұбалаң негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы Айзере Ерікқызы үшеуміз өзара кеңесіп, Қостанай қаласындағы «Қарлығаш» баспаханасына хабарласып, шағын кітапша шығардық. Оған Ыбырай атамыздың 10 өлеңін енгіздік. Әлеуметтік-рухани қолдау бағыты бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін жандандырып, ұлт ұстазының өлеңдерін жатқа оқыдым», – деді «Ыбырай оқулары» байқауының жеңімпазы.

Қазылар алқасының шешімімен Раяна Оралқызы үздік атанды. Бұл жетістік  мектептің мерейін үстем етті.

“Білім ордасының қара шаңырағына айналған  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен тағылымды іс-шараның біз үшін маңызы өте зор болды. Мектеп жасындағы балалар ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринның шығармаларын жатқа білу керек. Себебі, сапалы білімді санаға сіңіруді үйреткен Ыбырай атамыз қазақ балалары үшін көптеген тәуекелдерге барды. Бойындағы бар күш жігерін жұмсап, көз майын тауысып, оқулықтар жазды. Болашақ ұрпаққа «Кел, балалар оқылық» деп үндеу жариялады. Сондықтан ұлт ұстазының шығармаларын насихаттап, қолдан келгенше дәріптеу біздер үшін басты парыз деп білемін”, – дейді Айзере Ерікқызы.

 

                                                           

                                    

 

Жаңалықтармен бөлісу